Ресей қазақтары
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 10 жылдығына және Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференцияның ұйымдастырушы қазақстандық және осы конференция жұмысына қатысушы шетелдік қандас ханымдар мен мырзалар!
Сіздердің баршаларыңызға ұлы орыс халқымен өмір сүріп жатқан миллионнан астам ресейлік қазақтардың атынан жалынды да сағынышты
Осы Отаннан шалғай жат жерде өмір кешіп жатқан қандастарымызды азын-аулақ болса да Қазақстан мемлекеті мен үкіметі назардан тыс ұмыт қалдырмаса игі болар еді. Өйткені олар халқымыз үшін «жоғалған алтынның сынықтары» болуы ғажап емес ғой. Осылай тоз-тоз болып «жоғалған» қандастарымыздың жат жерде қазақи ұлттық санасы қайта оянып, бірін бірі
Ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспандатты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш қозғалысы қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік өремен ағымдағы, кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы міндеттерді айқындай білу – бүгінге жеткен Алаш аманатының ең құндылары.