Капитал нарығы
Жоспар
1 Капитал туралы түсінік
2 Капитал нарығы және оның құралдары
3 Несиенің экономикалық мәні, қажеттілігі, түрлері және қызметтері
4 Құнды қағаздар құрылымы
5 Ақша мен облигациялардың мәні мен маңызы
Әдебиеттер
Капитал нарығы орташа және ұзақ мерзімді қорлардың (ақша, бағалы қағаздар) қозғалысын жүзеге асырады. Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы мерзіміне байланысты. Оны түсіндіру үшін капитал нарығының негізгі құралдарына тоқталайық:
1. Корпорациялардың акциялары – бұл бірнеше жеке тұлға мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын жинастыра отырып акциялық қоғам ашып, сол қоғамға иелік ету. өз үлесін қосқан акционар түскен табыстан өз үлесін алуға және акционерлік қоғамды басқаруға, шешім қабылдауға құқылы болады.
Несиенің эконмикалық катигория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық катигория ретінде өз бетінше сипаттайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік қатынастар немесе жүзеге асыру формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектіге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиелердің мынандай формалары бар:
1. Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары үшін төлемді қайта қалдыру.
2. Банктік несие – бұл банктердің, арнайы қаржылық мекемелерінің қарыз алушыға арнайы ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтері мен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді басқарады.
1) Қайта бөлу қызметі – кез келген елде ұлттық экономиканың толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Бұл қызмет арқылы экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады.
Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар.
Құнды қағаздардың мәні мен мазмұнын құнды қағаздар нарығының қызмет атқару механизмінен шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде, құнды қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, экономикадағы орны жалпы қаржы-қаражат жүйесінен анықталады. Құнды қағаздар нарығы қаржы-қаражат (капитал) нарығының қүрамдас бөлігі болып, ұзақ мерзімдік қарыздар айналымына жатады (қайтарым мерзімі бір жылдан артық).
Акция – акционерлік қоғам шығаратын құнды қағаздардың бір түрі. Акция – акционерлік қоғамның немесе кәсіпорынның өндірістік дамуы мақсатында көздеген, оған өзінің өз қаржысы есебінен үлес қосқанын куәландыратын құнды қағаз.
Акцияның құны бірнеше түрлі болады. Олар – номиналдық, эмиссиялық және нарықтық деген тұрлері бар.
Акцияның номиналдық құны акцияның балансына жазылады, бұл құнның өлшемі жарғылық капитал сомасын жалпы шығарылған акциялар санына бөлу арқылы анықталады. Ал эмитент акцияны инвесторға сатқан жағдайдағы баға – акцияның эмиссиялық құны болады. Қаржы биржасын биржадан тыс нарықта сатқан акциясының бағасы – нарықтық құн болып табылады. Нарықтық құн сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты.
Вексель дегеніміз – белгілі бір ақшалай кіріс алуға арналған құқықты куәландыратын айрықша құнды қағаз.
Облигация – құнды қағаздардың бір түрі. Ол – корпорацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін мақұлдайтын құжат. Облтгация көмегімен жинақталғанкапитал акционерлік капитал бола алмайды. Облигация шығару – капиталдық қарыздың бір нысаны.
Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарғы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады.
Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған.
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздар ға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және
Әдебиеттер:
1.Ілиясов Қ.Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы : Оқулық – Алматы : 2003., 387-402 бет.
2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001., 13-15 бет.
3. Экономикалық саясат : Лекциялар / Д.К. Қабдиев – Алматы : Экономика, 2002., 95-106 бет