Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Валеология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

Туберкулез

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Туберкулез – толық жазылатын ауру 4
2 Әйелдердің жыныс мүшелерiнiң туберкулезi 5
3 Туберкулезді емдеу шаралары 7
4 Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі 12
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19

Кіріспе
Туберкулез ауруы көбiне өкпеден басталып, сүйектерге, бүйрекке, жыныс мүшелеріне ауыса бастайды. Өкпе туберкулезiмен науқастанатын адамның қақырығында туберкулездiң сан мыңдаған микробтары болады. Олар тыныс және ас қорыту жолдары сау адамдарға өтедi. Туберкулез сондай-ақ үй жануарларының сүтiн шикiлей немесе еттi шала пiсiрiп жегенде жұғуы мүмкiн.
Қан тамырларына түскен туберкулез таяқшалары бүкiл денеге тарайды да, қолайлы жағдай туындаған кезде, яғни адамның ауруға қарсылығы әлсiреп, организмге қажеттi заттардың келуi нашарлағанда, қозып, дамуын күшейте түседi.

1 Туберкулез – толық жазылатын ауру
Туберкулез ауруын ұлғайтып алуына көбiне адамдардың өздерi кiнәлi. Ауру белгiлерi бiлiнiп, жағдайлары нашарлай бастағанда дәрiгерге келгенмен, ауруының туберкулез екенiн бiлгеннен кейiн, оны “ұят” санап кейiн дәрiгер алдына бармай қояды. Сөйтiп, кейбiреулерi халық емшiлерiне көрiнiп емделедi. Ал бұдан туберкулез таяқшалары жоғалмайды, керiсiнше, ұлғая түседi. Ақырында ауру ұлғайып, жанға қатты батқан кезде ғана амалсыздан туберкулез мамандарына келедi. Мұндай жағдайда ауруды емдеу қиындай түседi.
Ауру адам дұрыстап құнарлы азықпен тамақтануы, таза ауада жиi болуы керек. Тамақтың құрамында мал өнiмiнiң белоктары жеткiлiктi болуы тиiс. Жемiс шырындарын және көкөнiстердi көбiрек пайдалану керек.

2 Әйелдердiң жыныс мүшелерiнiң туберкулезi
Туберкулез ауруына өкпе ғана емес, басқа ағзалар да шалдығады. Солардың iшiнде әйелдердiң жыныс мүшелерiнiң туберкулезi де бар.
Туберкулез таяқшалары организмдегi лимфа және қан тамырларымен бүкiл денеге тарап, жыныс мүшелерiне барып тоқтауы мүмкiн. Адам әлсiреп, жүйкесi шаршаған кезде, сондай-ақ дұрыс тамақтана алмағанда туберкулездiң қоздырғыштары өкшелене түсiп, аурудың тез басталуына себепшi болады.

3 Туберкулезді емдеу шаралары
Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т.б.) ауырса оның зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.

4 Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі
Туберкулезді науқастың тағам құрамында дене мұқтажын өтеуге керекті белок, май, углевод, витаминдер жеткілікті болсын. Бірақ бұл заттарды организмнің мұқтажына қарай, орнымен пайдалану керек. Бұл тәртіпті сақтау, әсіресе, туберкулез науқас үшін өте қажет. Мөлшердегі артық тағам туберкулез адам үшін пайдасыз. Әсіресе, өзі семіз, қарт және жүрек, қан тамыр, бауыр қызметі нашарлаған, ішегі ауыру адамдарға тамақты көп беру қате. Өкпесі ойылған және туберкулезі өршіп, қатты жығылған адамға да тағамды шамадан көп берудің қажеті жоқ, себебі ауру орган ішкен тамақтың бәрін бірдей ұқсата бермейді. Астың бойға сіңуі негізінде ішек-қарын қызметіне байланысты. Ал шамадан тыс ішкен асты бұлар баптай алмай қалады, тіпті қалыпты қызметі бұзылады.

Қорытынды
Туберкулездің қай түрінде болса да астын жөні бөлек. Бірақ ауру адамдардың бәрі бірдей күшті тамақ тілемейді. Ауырған адам организмінің өзгешелігіне, оның жасына, бойына және атқаратын қызметіне қарап, кімге қандай тағамды қанша беру керектігін тек емдеп жүрген дәрігер ғана белгілеп береді. Мысалы, ас тапшылығынан, ауыр жұмыстан, түрліше қатаң аурулардан және босанғаннан кейін адам жүдеп-жадаса, ондайлардың тамағын күшейтуге тура келеді. Оның өзінде де тамақ мөлшері табиғи нормасынан 15-25 проценттен аспауға тиіс, яғни тәулігіне ішілетін тамақтың жалпы қуаты 2800-4500 калориядан аспауы керек. Мұнымен қатар Туберкулезді адамның күнделікті тағамында алдымен белоктар жеткі¬лікті болуға тиіс. Ауру өршіген сайын белоктың қажеті арта береді. Басқаша айтқанда, мұндай кезде тағамда ет, балық, сыр, сүзбе, сүт жеткілікті болғаны жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Тіршілік қауіпсіздігі» ІІ-кітап.
2. И.Сайдулдин «Індеттану»