Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі 4
2 Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі 8
3 Ата Заң еркіндігіміздің тұғыры 11
4 Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі 14
5 Қазақстанның Конституциялық дамуы 17
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады. Конституциялық реформа үздіксіз, созылмалы құбылыс.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер конститутциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол өз кезегінде көптеген конститутциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап, талдауды талап етеді. Қазіргі уақытта құқықтың ұлттық жүйесін құрау процесі қызу жүріп жатыр, сондықтан да осы барыста республиканың конституциялық құқығының негізі институттарын зерттеп тану айрықша маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасы жаңа Конститутциясының республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беру жолымен қабылдануы қазақстан мемлекеттігінің қазіргі кезеңіне сай келетін конститутциялық құрылыстың жаңа санаттарын жан-жақты зерттеу міндетін де жүктейді. Қазақстан Республикасының Конститутциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қазақстан қоғамын демократияландыру процесінде қарышты бір қадам болды.
Республикада мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін анықтау, егемендікті республиканың конститутциялық құрылысында қалыптастыру- конститутциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу тақырыбы. Осы орайда жазылған осы курстық жұмыстың мақсаты да конститутциялық құқықтық дәрежелер мен құбылыстарды талдау, сондай-ақ Қазақстанның Конститутциялық даму процесін зерттеу болып табылады.
1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көзейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру үшін негіз белгілі болған кезден әрі кеткенде бір айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатыла әкеліп соқтырады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігі мынадай, егер:
2 Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің , халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің , сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1 тармағы).
3 Ата Заң еркіндігіміздің тұғыры
Бүгінгі таңда Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет деген пікірлерде айтылуда. Сол себепті, Ата Заңымызда жазылғанымен әлі қолданысқа енбегендіктен жергілікті өзін-өзі басқару , сайлауды демократияландыру сияқты мәселелерге байланысты қазіргі кезде оған жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі айтылып жүр. Конституциямызда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бірақ, олар толығымен жүзеге аспай отыр.
4 Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі
Қазақ елінің тәуелсіздігін әлемге жария еткен Ата Заңымыз –аса қасиетті, құдіретті құжат. Мұны естен шығармаған ләзім.
Ал, Конституцияның латынша мағынасы құрылым, мемлекеттің негізгі заңы, сайлау тәртібі, азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттері, мемлекеттің органдары болып табылады. Конституциясыз бірде-бір мемлекет өмір сүрген емес.
5 Қазақстанның Конституциялық дамуы
Қандай да бір кез келген елдің Конституциясы қоғамдық өмірде дәлелденген шындық. Өйткені Мемлекеттің заң жүзінде ғана тыйым сала отырып, әділетсіздікке тосқауыл қоюына болатындығы белгілі. Ағылшынның мемлекет қайраткері Питт: «Заң өз күшінен айрылған жерден жауыздық басталады»,- деген екен. Ал ежелгі грек ақыны Пиндар: әділеттілікті мемлекеттің мызғымас негізі депті. әлбетте, әділетті қоғам орнату мемлекет пен халықтың біртұтас бірлігі мен тірлігін, саяси бостандығын адал қорғауды, қандай да болсын заңның мақсаты айқын болуын талап етеді. Бұл тұрғыдан келгенде біздің Негізгі Заңымыз соңғы он жыл ішінде өзінің дұрыстығы мен қажеттілігін, бүгінгі қоғамдық болмысымызға лайық екенін айғақтады. Заң адамды әділдікке бас июге бағындырады. Демек, жалпыға бірдей әділ болу-бұл конституциялық талап.
Қорытынды
Конституция барлық мемлекеттік органдардың жоғарыдан төменге дейін ұйымдастырылуы, қызмет істеуінің демократиялық принциптерін айқындап олардың құқықтық жағдайларын үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Конституцияны орындай отырып және соның негізінде ондаған Конституциялық және жай заңдар қабылданып, олар барлық мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін жан-жақты анықтады. Баса айту қажет, бұл заңдар үнемі жетілдіруде оларға тиісті өзгерістермен толықтырулар енгізілуде. Конституция өзі де мәңгілік заң емес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. "Жеті жарғы" - мемлекет
және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы,мәтіні)[Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті .2004.- 150 б.
2. Асанбаева, Л. Азамат құқығы Ата Заңмен қорғалады: [Қазақтан Конституциясына 10жыл] //Арқа ажары.2005-30шілде.-2б.
3. Ашитов, Заирқан Омарұлы, Ашитов, Бауыржан Заирқанұлы.
Қазақстан Республикасының құқық негіздері [Мәтін]: оқу құралы /
рец. Б. Базарбайўлы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.
4. Баққұлов, Сатыбалды Досжанұлы. Құқық негіздері [Мәтін]: оқулық.- 2-ші бас.- Алматы, 2004.- 248 б.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл [Мәтін]=10 лет Конституции Республики Казахстан:(заң актілерінің жинағы) / құраст. Ғ. Сапарғалиев.- Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 376 б.
6. Нарбинова, М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық
құқық [Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс Қазақстан мемлекет- тік ун-ті.- Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б.
7. Нормативтік құқықтық актілер туралы [Мәтін]: Қазақстан Респуб-
ликасының заңы.- Алматы: Юрист, 2004.- 26 б.
8. Оғалбаев, Т. Ата заң қағидаларын толық жүзеге асыру- басты мақсат: [Қазақстан Конституциясына - 10 жыл]// Жетісу.- 2005.-7 шілде.- 4 б.
9. Садырова, Толқын. Ата Заң-еркіндігіміздің тұғыры:
[Қазақстан Конституциясына -10 жыл]// Дала мен қала.-
2005.- 2 қыркүйек.- 1-6 б.
10. Табанов, Социал Ағысұлы. Салыстырмалы құқықтану
негіздері [Мәтін]: оқулық/ ред. М. Қаймолдинова.-
Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 464 б.
11. Шаханов, Мұхтар. Конституциялық кеңестің мазмұнсыз кеңесі [Мәтін]: [Депутаттық мәлімдеме]// Қазақ әдебиеті.- 2006.- 3-9 қараша.- 2 б.