Қазақстандағы жаңа экономиканың дамуы
Жоспар
1-Бөлім. Жаңа экономикаға өту кезеңі 3
1.1 Есептеу нүктесі 3
1.2 Макроэкономикалық тұрақтандыру 6
2-Бөлім. Нарықтық экономиканың орнығуы 15
2.1 Табысты орнықтыру 15
2.2 Экономикалық өсу жағдайларын жасау 18
2.3 Ескі экономикадан – жаңа экономикаға: жолды анықтау 20
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 30
1-Бөлім. Жаңа экономикаға өту кезеңі
1.1 Есептеу нүктесі
Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын, инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
Елеулі экономикалық табыс біз таңдаған экономикалық даму моделінің дұрыстығын дәлелдейді. Мұны нақты ІЖӨ өзгерісінің динамикасы айқын көрсетеді. Мәселен, 2003 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің артуы 106,3 пайызды құрады, бірақ бастысы – бұл көрсеткіш бойынша біз дағдарысқа дейінгі 1990 жылдың психологиялық тұрғыда маңызды шебіне әбден жақындай түссек, 2004 жылдың қорытындылары бойынша бұл шепті еңсереміз.
КСРО экономикасы әр республикаға, нақты қажеттіліктерді ескерместен, өз рөлі мен даму стратегиясы берілетіндей түзілген болатын. Украинада – технологиялық өндіріс, Белоруссияда мәшине жасау шоғырланды, Өзбекстан мақта өндірді. Қазақстанға аграрлық-шикізаттық шылау рөлі берілді. Бұл орын орасан табиғи ресурстарымен айқындалған еді.
Біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-орын алады және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық елдерінің қатарына кіреді.
1.2 Макроэкономикалық тұрақтандыру
Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.
Мемлекеттік экономикалық саясатқа ақша-кредит,салық-бюджет, баға және антимонополиялық, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа қаржы және мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен дамытуды талап етті.
Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеше алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.
2-Бөлім. Нарықтық экономиканың орнығуы
2.1 Табысты орнықтыру
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.
Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.
Бұл процесс Қазақстан келесі сынаққа – 1997-1998 жылдардағы азиялық қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтатылмады. Іс жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағамын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-бет келді.
Бұл дағдарыс біз үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай долларларын өңдеу салаларын дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсіндік. Мұның өзі энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер еді.
2.2 Экономикалық өсу жағдайларын жасау
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның әулетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.
2.3 Ескі экономикадан – жаңа экономикаға: жолды анықтау
Мемлекеттің таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде табиғи байлықтар қоры мен минералдық-шикізаттық ресурстар ескеріле отырып, республиканың экономикадағы дәстүрлі артықшылығын барынша пайдалану қажеттігі көрсетілген.
Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, сондай-ақ өндіру, соның ішінде жан басына шаққандағы өндіру бойынша да әлемдік біріншілікке ие екені белгілі. Республика бүгінде вольфрам, ванадий рудаларының қоры бойынша - әлемде бірінші орын, құрамында хром бар рудалар қоры бойынша – екінші (23 пайыз), марганец рудаларының қоры бойынша үшінші орын алады. Қазақстанның үлесіне уранның әлемдік қорының - 25 пайызы, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, мыс пен темірдің 10 пайызы келеді.
Қазақстан геологиялық, тау-кен істерінің дәстүрлі дамуын қалпына келтіріп, нығайта, руда өңдеу мен металл балқыту жөніндегі осы заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік минералдық-шикізаттық кешендегі өзінің күшті позициясын сақтауға қабілетті және солай етуі тиіс.
Қорытынды
Тәуелсіздіктің он үш жылында жүргізілген реформалар экономиканың жедел де сапалы дамуын іске асыру мүмкіндіктерін туғызады. Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш-жігеріміз бен жетістіктерімізді талдай отырып, нық сеніммен былай деуге болады: біз стратегиялық тұрғыда, яғни нарықтық экономикаға көшуде дұрыс жолды таңдадық. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік–саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.
Жақын жылдары біз қаржы тұрақтылығын, экономиканың тиімділігін, әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі – мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы әлеуметтік жауапкершілікті бөлу міндетін құруға тиіспіз.
Қолданылған әдебиеттер
1."Қазақстан Республикасының 2030 кезеңіне дейінгі даму стратегиясы". Н.А.Назарбаев; Алматы, 1997
2. "Экономикалық ілімдер тарихы". Я.А.Әубәкіров, К.Н.Нәрібаев, Д.Қ.Қабдиев; Алматы, 1998
3. "Экономикалық теория негіздері". Я.Әубәкіров; Алматы, 1998
4."Жаңа кезең-жаңа экономика"; А.Турынбаев, И.П.Гутник Алматы, 1997
5. "Ұлттық экономикалық жүйе". У.Б.Баймуратов, Алматы, 2000