Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Тоқтар Әубәкіров

Жоспар
Қыран қазақ 2
Бірінші перне немесе “Гауһартас” 4
Екінші перне немесе Қонаевқа хат 7
Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ 9
Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы 11
Бесінші перне немесе “Шайтанкөл” хикаясы 14
Алтыншы перне немесе Тоқтардың туған жері 16
Жетінші перне немесе Дөңгелек дүние дидары 18

Қыран қазақ
Тоқтар Әубәкіров туралы мақала жазамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Биылғы Баспасөз күнін “Егемен Қазақстанның” ұжымы Қосшы ауылының іргесіндегі Нұра өзенінің жағасында қарсы алды. Сонда сөзден сөз шығып отырып, әңгіме қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров туралы да өрбіп кетті. Бір топ журналист Тоқтар туралы әлде аңыз, әлде ақиқатқа бергісіз біраз жайдың басын шалғанбыз.

Бірінші перне немесе “Гауһартас”
Бұл әңгімені маған Сауытбек Абдрахманов айтып еді. “Қатты есімде қалыпты. Бір жеріне осыны келтірерсіз”, деген. Біздің газетке басшы болып бекітілердің алдында, “Қазақстан” телерадиокорпорациясында бірінші вице-президент қызме­тінде жүргенде “Отандастар” атты тікелей эфир хабарына Тоқтарды шақырған екен. Тоқаң эфирге бір сағаттай ерте келеді. Уақыт жеткенше кабинетте біраз әңгіме айтылады. Бір кезде: “Мені қайрап, түлетіп шығарған қазақтың әні ғой”, деп қалады Тоқаң. Бұл сөздің сыры былай екен.

Екінші перне немесе Қонаевқа хат
Қазақ “Тәуекел ет те тас жұт” дейді. Ер адамның ең басты серігі сол тәуекел. Тәуекелге екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтіні тағы анық. Тоқтар Әубәкіровтің сегізінші сыныпты бітіре салып, Теміртаудағы құю-механикалық зауытта токарь болып істеуі үшін де сол тәуекелдің керек болғаны даусыз. Кешкі мектепті жұмыспен қатарластыра оқып шыққан соң, 1965 жылы әуе қорғанысына қарсы ұшқыштар даярлайтын Армавир жоғары әскери авиация училищесіне түсу үшін де үлкен тәуекел керек еді. Осы училищені 1969 жылы бітірген соң СССР әскери-қарулы күштерінде қызмет етуге бел байлайды. Былай қарағанда өмірбаян бетте­ріне тізбектелген осы жылдар оп-оңай өте шыққан сияқты. Бірақ ол кезде қазақ баласының ұшқыштар мектебіне түсуі, шынын айтқанда, талайлар үшін тек арман болатын. Тіпті Елбасымыздың өзі жас күнінде ұшқыш болуды армандағаны белгілі ғой. Өйткені, қаншама бауырлас елміз дегенімізбен Советтер Одағының былайғы халықтары үшін темір шымылдықты жерлері көп еді. Қазақтың арманы аэроклубтан ары аспайтын. Ары қарай тәуекел етуге екінің бірі бел байлай да бермейтін. Тұмсығы тасқа тірелетінін білген соң да солай болды ма?.. Біздің кейіпкеріміз сынақшы-ұшқыш болуға Совет Одағының Батыры А.Федотовпен кездескеннен кейін мықтап бел байлағанын айтқаны бар. МИГ фирмасының атақты сынақшы-ұшқышы жас жігіттің өміріне өмірлік өзгеріс енгізсе керек. Училищені бітірген соң Қиыр Шығыста, Амурдағы Комсомольск қаласында әскери қызметін жалғастыра береді. Сонда СУ-15 ұшағымен ұша бастайды. Төрт жылғы әскери қызметінде Тоқтар ерекше қабілетімен көзге түседі. Қиыр Шығыстағы ең үздік ұшқыш атанады. Сондағы авиация зауытына жиі барып, сынақшы-ұшқыштармен танысады. Олар әңгіме арасында егер сен эскадрилия командирі болсаң, сынаққа мүлдем жібермей қояды деген сөзді айтады. Өзін сынақшы-ұшқыштар мектебіне ауыстыруды өтініп, қайта-қайта сұранады. Өтініші қанағаттандырылмай, арызы кейін қайтарыла берген соң “жығылсаң нардан жығыл” дегендей, Тоқтардың ойына керемет бір идея сап ете қалады. Ол дереу Қонаевқа хат жазу қажет деп шешеді. Отыра қалып, хат жаза бастайды.

Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үкілі үмітті қондырғанда мұндай жағдайлар болады дегенді қаперіне әсте алмаған да шығар-ау! Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.
Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Қара теңіз – теңіз біткеннің ішіндегі қанқұйлысы. Алапат теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде жал-жал толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау болғанымен, зардабы зіл-батпан. Бірінің артынан бірі келіп ұрғанда корабльдің пәрша-пәршасын шығаруға шамасы жетер-ді.
Тоқтар Әубәкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Әдеттегі сынақ ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек жұтқандық қой!

Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы
Кім көрінген кесімді сөз айта алмайды. Адамның өз беті болады. Өз бетінше өмір сүру, өз бетінше шешім қабылдау ер мінез адамның ғана қолынан келетін шаруа. Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалыпты. Мұның алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендігі себептен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан-ақ жарияланып кетіп, қызық болған екен.

Бесінші перне немесе “Шайтанкөл” хикаясы
2001 жылы “Жас Алаш” газетінің 80 жылдық мерейтойы болды. Біз осы бір айтулы датаны “Атамекен” атты экспедиция ұйымдастырып, әуелгі сапарды Қарағанды облысынан бастадық. Құрамында бірқатар белді-белді республикалық басылым­дардың жетекшілері бар арнаулы топ жүрген жерде қазақтың бірлігін, ұлттық тұтастығын насихаттау мақсатымен Қарқаралы өңіріне қадам басты. Сонда студент күнімізден құлағымызға “Шайтанкөл” әні арқылы таныс болып қалған атақты “Шайтанкөлге” келдік. Етектен ентіге көтеріліп, биік төбенің басына шыға келгенде қарсы алдымыздан шап-шағын көл жарқ ете қалды.

Алтыншы перне немесе Тоқтардың туған жері
44-ші Қызылорда сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың арасында кімдер жоқ дейсіз: әкімдер де бар, бизнесмендер де жетерлік, нанталаппен жүргендер де табылады. Солардың арасында шоқтығы биік жандардың бірі де, бірегейі де Тоқтар Әубәкіров болды.