Сөйлеудің фонетикалық бірліктері
Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар:
Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.