Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

«Ғалияда» оқыған қазақтар

Қолжазба “Садақ” журналын Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүрген қазақ жастары 1915-1918 жылдары шығарыпты дегенді 1952 жылы адал жүрек ақын, атақты “Әли қарттың әңгімесі” поэмасы үшін “жемеген таяғы жоқ” Жақан Сыздықовтан естіп ем. Басылымды іздеу барысында талай қызыққа да, қиындыққа да батқаным 1986 жылы шыққан “Садақ” атты хикаялы эссеме негіз болды. Баспаның сол кездегі қырағы редакторлары, басшылары “Садақты” тілге тиек етіп, бүкіл қазақтың интелектуалды дүниесін ақтарып кетіпсің, “қажетсіз” оқығандарды, зиялыларды атапсың деп кітаптың жартысына жақынын қысқартып тастаған болатын.

1912 жылғы шәкірттер көтерілісіне тап сол кезде “Ғалияда” оқыған Мағжан Жұмабаев қатысып қалуы ғажап емес. Өйткені, Ғалымжан Ибрагимов сынды озық ойлы жанмен бірге оқуы, жақын таныс болуы және сол 1912 жылы өлеңдер жинағын шығаруы жас талапкер қоғамдық-әлеуметтік оқиғадан тыс болды дегізбесе керек. Өйткені, қасындағы жора-жолдастарынан қалып қоюға қаншама саналы болса да ұяты жібермейді. Екіншіден, медреседен қуылған 65 шәкірттің бірі Мағжан болуы да мүмкін. Небәрі бір жыл ғана оқып, қаншама “орысжанды” болса да, Омбыдағы оқытушылар семинариясының дайындық курсына “жаңа заманға ыңғайлану талабымен” түсіп еді деу өте қиын. Мағжанды зерттеушілер осы жайды архив деректері арқылы анықтаса, талай қызыққа кезігеріміз анық.

“Ғалияда” оқыған қазақ жастарының бір тобы “Садақтың” 1918 жылғы 10 ақпанында шыққан соңғы қоштасу санында журналдың шығаруына ат салысқан өлең-жыр, мақала, ел сөзін жинап тапсырған авторлардың жасырын аттарын ашып берген тізім бар. Олардың біразы жоғарыдағы хаттамада кездеседі. Алайда Зияш Алдабергенов, Салахидден Жүсіпұлы Сарталиев, Мұхамет Сабыр Айтқожин, Мағауия Таңатаров, Хамза Бекмұхаметов, Әбдірашит Әлімбаев, Әбубәкір Қазақов, Бекбау Әлиев, Төлеубай Ақылбеков сынды азаматтар да “Ғалияда” оқыған-ды.
Қазақ зиялылығын көрсету үшін жоғары білім алғандарды анықтап, мәдениетіміздің биік өресін жоғарғыларға білдірмей көп еңбек еткен азамат Ғалым Ахмедов болғанына ешкім дау айта алмас.

Не керек, медресе “Ғалияда” оқыған қазақ шәкірттерінің өнегелік сипаты бар іс-әрекеттерінің көптігі елдің бұл күндері емін-еркін дамып отырған мәдениеті үшін пайдалы болғаны айдан-анық. Сондықтан білім жүйесін әрқашан биікке көтеріп, елдің зиялы азаматтарын дайындай берейік.