Валюталық нарықтар
Жоспар
1 Валюталық нарықтың дамуы
2 Валюталарды айырбастау
3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Қолданылған әдебиеттер
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.
Аймақтық валютадық жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
Валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Валюталық жүйенің маңызды элементті – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттілігімен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай – ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделіп отырады.
Бағамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Валюталық нарықтың объектілері мен субъектілері.
Валюталық нарықтар – бұл тауар ретінде валюталық құндылық саналатын нарық.
Валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
Қолданылған әдебиеттер
1. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
2. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Алматы, 2003 ж.
3. Мамыров Н.Қ. «Макроэкономика» Алматы 2002 ж.
4. Әудакиров “Әлеуметтік экономика негіздері”, Экономмика баспасы, Алматы 2002 ж.