Криминалистикалық тактика
Бағамның үшiншi бөлiмiн оқып үйрену алдында, тыңдаушы тыңғылықты түрде тактиканың жалпы сұрақтарымен танысу керек.
Әрбiр қылмысты тергеу, қылмыстық iс жүргiзу заңы рәсiмделген дәлелдемелердi табу және жинауға бағытталған тергеу әрекеттерiн жоспарлы түрде жүргiзумен қамтамасыз етiледi. Осы бағытта криминалистикалық техника және тактикалық тәсiлдердi жедел iздестiру шараларымен ұштастыра отырып шеберлiкпен пайдалану, қылмыстарды тиiмдi түрде әшкерлеуде елеулi маңызы бар.
Сараптама өндiрiсi мемлекеттiк сараптама мекемесiнде жүргiзiлгендегi тергеушiнiң атқаратын ролi, осы мекеме және ондағы сарапшымен тығыз байланыста жатыр. Мұндай байланыс, сараптама алдына қойылған сұрақтарды нақтылау және қосымша сұрақтар берумен анықталады, сондай-ақ зерттеу үшiн қажеттi материалдарды ұсынумен көрiнедi. Кейде сараптама өңдiрiсiнде тергеушiнiң қатысуы қажет болады, мысалы, мәйiттiң сот-медициналық зерттеуiнде.
Оперативтiк-тактикалық комбинация дегенiмiз ол, бiртұтас тактикалық оймен қамтылған, тергеушi тапсырмасы бойынша тергеу әрекетiмен қатар жүргiзiлетiн жедел iздестiру шаралары. Мұндай шаралар мақсаты ретiнде, комбинация құрылымына енетiн нәтижелiк, талпынушылық және қауiпсiздiк, ал қажет болғанда нақтылы мезетке дейiнгi құпиялылық жағдайын қалыптастыру болып саналады. Бiртұтас оперативтiк-тактикалық комбинация құрылымында, жедел iздестiру шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тергеу әрекеттерi де жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай әрекеттер тергеушiнiң жедел iздестiру қызметкерлерiмен өзара әрекеттесу жолымен iске асырылады.
Тергеушiнiң тактикалық шешiмi, оның процессуалдық қызметiмен тығыз байланыста бола тұра, дәлелдемелердi жинап зерттеу шараларын iске асыру тактикасын анықтауға, яғни тиiмдi әдiс-құралдарды таңдауға бағытталған.
Қойылған мақсат қандай, қашан және қалай iске асырылатынын, осы тактикалық шешiм анықтайды, ол тергеу әрекеттерiмен қатар, басқа да процессуалдық сипаттағы шараларды қамтиды (басқа қызметтермен қарым-қатынас; жұртшылық көмегiн қылмыскердi iздеуде пайдалану және т.б.).
Тактикалық шешiмдi қабылдау ол, мақсатты және оған жету тәсiлдерiн анықтайтын, өз еркiмен жасалынатын iс-әрекет. Тактикалық шешiмдi қабылдау өзiне: