Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Инвестициялық жобалаудың негізгі қағидалары. жоба және жобалық цикл түсінігі 4
1.1 Инвестициялық жобалардың түрлері 5
1.2 Жобаны алдын-ала әзірлеу және талдау кезеңі 6
1.3 Жобаның коммерциялық орындалуын талдау 7
1.4 Техникалық талдау 9
1.5 Қаржылық талдау 11
1.6 Экономикалық талдау 12
1.7 Институционалды анализ 14
1.8 Тәуекел талдау 15
2 бөлім. Инвестициялық жобаларды талдау 17
2.1 Қазіргі таза құн әдісі (NPV) 17
2.2 Табыстылық индексі ( РІ ) 18
2.3 Ішкі табыстылық нормасы (IRR) 18
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер 20
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста келесі тақырыптар мазмұндалған:
1. Инвестициялық жобалардың түсінігі.
2. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері.
3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерлілігінің шарттары.
4. Әсерлілік шарттарының сезімділігін талдау.
5. Шектелген бюджет бойынша жобалардың портфелін құру.
6. ППП EXEL қызметтерін пайдаланып есептерді модельдеу.
7. Инвестициялық талдаудағы тиімділік әдістері.
8. «Шешімдерді табу» құралын пайдалану.
Материалдық және қаржылай активтеріне салынатын ақшалармен байланысты инвестициялық процесстерді басқару қаржылық менеджментінің фундаменті болып табылады. Қабылданған ұақ мерзімді шешімдер, әдетте:
1 бөлім. Инвестициялық жобалаудың негізгі қағидалары. жоба және жобалық цикл түсінігі
Халықаралық практикада кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар түрінде көрсетіледі, ол өз кезегінде кәсіпорынның даму жобасын құрылымды сипаттайды. Егер осы жоба инвестицияларды құюды талап етсе, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез-келген жаңа жобасы жаңа инвестицияны керек етумен байланысты болады. Жоба сөзінің жалпы түсінігі – нақты мақсатты көздейтін, кәсіпорынның қызметін өзгерту туралы арнайы түрде рәсімделген ұсыныс.
Жобаны әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Соңғысына жеке меншік түрін өзгертетін жобалар (жалға алу кәсіпорнын, акционерлік қоғам, жекеше кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын құру және т.б.) немесе өндіру сипатын түп тамырымен өзгерту (жаңа өнім шығару, толық автоматтаған өндіріске өту және т.б.) Тактикалық жобалар әдетте шығарылған өнімнің көлемін өзгерту, өнімнің сапасын жоғарылату, жабдықтарды жетілдірумен байланысты болады.
Еліміздің практикасында жоба түсінігі жаңалық емес. Өткен замандағы оны ерекшелендірген сапасы кәсіпорынның негізгі даму бағыттары ережеге сәйкес саланың экономикасын басқарушы деңгейдің кәсіпорынға қатысты жоғары болуымен сипатталған. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, оны басқарушы жоғарғы құрамы өзінің болашағы туралы өзі қамданып, өз бетінше барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуі тиіс. Инвестициялық жобалау саласындағы мұндай шығармашылық ерекше ұйымдасқан болғаны дұрыс.
1.1 Инвестициялық жобалардың түрлері
Жобаны анализдеу практикасы жобаларды әзірлеу және тұрпатты жобаларды тізбелеу тәжірибелерін қорытуға мүмкіндік береді. Төменде шет елдердегі практикада кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері көрсетілген:
1.2 Жобаны алдын-ала әзірлеу және талдау кезеңі
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң, бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет. Мұндай анализ инвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерияларды қолданады:
1.3 Жобаның коммерциялық орындалуын талдау
Ұстаным бойынша маркетингтік анализдің негізгі мағынасы екі жәй сұрақтың жауаптарында:
1. Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2. Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?
Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің басты себебі – жеткіліксіз маркетинг.
Маркетингтік анализдің базалық мәселелері мыналар:
1.4 Техникалық талдау
Инвестициялық жобаның техникалық анализ мәселелеріне мыналар жатады:
• Жоба мақсатына сәйкес келетін технологияларды анықтау.
• Жергілікті жағдайды анализдеу, ондағы шикізат бағасы, бар болуы, энергия, жұмысшылар да ескеріледі.
• Жобаны жобалаудың потенциальді мүмкіндіктері мен жүзеге асуын тексеру.
Техникалық анализ әдетте кәсіпорындардың өз сарапшылар тобымен, мүмкін аса қажет мамандарды шақырумен іске асырылады. Техникалық анализдің стандартты процедурасы қолда бар өз технологияларды анализдеуден басталады. Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1.) технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс; 2.) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.
Егер өз технологиямызды қолдану мүмкін болмаса, онда шет ел технологиясы мен қондырғыларын қолдануды анализдеу төмендегі берілген сызбанұсқалардың біреуімен жүргізіледі:
1.5 Қаржылық талдау
Инвестициялық жобаның бұл бөлімі көлемді әрі жұмысы көбірек. Өзара байланысы бар қаржы анализінің кешенді мәселелерін қарастырайық. Инвестициялық жобаның қаржы анализінің жалпы сызбанұсқасы жәй кезектеседі:
1.6 Экономикалық талдау
Қаржы анализінің негізгі сұрағы жоба кәсіпорын қожайындарының (акционерлерінің) байлығын асыра алады ма? Бұл сұраққа жауапты алдыңғы тақырыпта көрсетілгендей, ақша ағынын анализдеу арқылы беруге болады. Экономикалық анализ – жобаның жетістіктерінің мемлекет (ұлт) қазынасын көбейтуін бақылау болып табылады.
Экономикалық анализ мәселелерінің мысалдарын қарастырайық. «С» компаниясы мына жағдайда кез-келген бір затты өндірсін:
1.7 Институционалды анализ
Институциональді анализ инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саясаттық және әкімшілік жағдайларын ескеріп, инвестициялық жобаның сәтті аяқталу мүмкіндіктерін бағалайды. Инвестициялық жобаның бұл бөлімі сандық та, қаржылық та емес. Инвестициялық жобамен жүретін ішкі және сыртқы факторлардың бірігуін бағалау оның басты мәселесі.
Ішкі факторларды бағалау әдетте мынадай сызбанұсқа бойынша жасалады:
2 бөлім. Инвестициялық жобаларды талдау
Инвестицияларды бағалау үшін қолданылатын әдістерді жалпы алғанда екі топқа бөлуге болады: динамикалық (уақыт факторын ескеретін) және статистикалық (есептік).
Тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің аталған белгілері бойынша классификациясы (топтамасы) төменгі кестеде көрсетілген.
2.1 Қазіргі таза құн әдісі (NPV)
Қазіргі таза құн әдісінің негізгі идеясы (net present value – NPV) инвестициялық шығын мен ақша шамасында уақыт бойынша (жобаның іске асу басында) түзетулермен көрсетілген болашақ пайда арасындағы айырманы табу.
Берілген дисконт нормасымен жобаның экономикалық тіршілігіндегі ақшаның барлық кіріс және шығыс ағымының жаңа шамасын анықтауға болады, сондай-ақ оларды бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай салыстыру нәтижесі оң немесе теріс шама (ақшаның таза кірісі мен шығысы) болады, ол жоба қабылданған дисконт нормасын қанағаттандыратынын немесе қанағаттандырмайтынын көрсетеді.
2.2 Табыстылық индексі ( РІ )
Пайдалылық индексі (benefit-cost ratio. profitability index – PI) болжанған алғашқы шығынның бірлігіне қанша ақша ағынының жаңа шамасының бірліктері келетінін көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептеу үшін келесі формула қолданылады:
2.3 Ішкі табыстылық нормасы (IRR)
Пайданың ішкі нормасы (internal rate of return – IRR) инвестициялардың эффектілігіне кеңінен қолданылатын критерий. Пайданың ішкі нормасы деп инвестициялық жобаның жаңа таза пайдасы нөлге тең кезіндегі пайыздық мөлшерлемені түсінеді.
Пайданың ішкі нормасы мына теңдеуді шешумен анықталады:
Қорытынды
Барлық кәсіпорындар инвестициялық іс-әрекетпен түрлі дәрежеде байланысты болады. Инвестициялау бойынша шешімдер қабылдау түрлі факторлармен күрделене түседі: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, басқа да жобалардың көптігі, қаржы ресурстарының тапшылығы, шешімді қабылдаумен байланысты тәуекел және т.б.
Инвестициялардың қажеттілігін көрсететін себептер түрлі болуы мүмкін., бірақ жалпы алғанда оларды үш түрге бөлуге болады: материалдық техникалық базаны жаңарту, өндірістің көлемін өсіру, жаңа іс-әрекеттерді меңгеру. Әр түрлі бағыттағы шығарылған инвестициялық жобаны қабылдау жауапкершілігінің деңгейі де түрлі болып келеді. Мысалы, егер өндірістік алымдылықтарды жаңарту не ауыстыру сөз етсе, шешім тез қабылдануы мүмкін, себебі кәсіпорын басшылығы жаңа негізгі құралдар қаншама көлемде және қандай түр, қасиетте болу керектігін анық біледі. Негізгі іс-әрекетті кеңейту жөнінде сөз етілсе мәселе қиындай түседі, себебі бұл кезде жаңа факторлардың бірнешесін ескеру қажет: тауар нарығында фирма ахуалының өзгеру мүмкіндігі, қосымша материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының көлемінің пайдалану мүмкіндігі, жаңа нарықты меңгеру мүмкіндігі сияқты сұрақтары туады.