Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистика

Тип: Баяндама

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Криминология ғылым жүйесінде

Бiрқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды, криминалист заңгер де, қоғамтанушы да болуы тиiс дейдіi. Бұл криминалист үшiн мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бiрқатар тактикалық мәселелердi шешерде қиындық тудырады.

Заң бiлiмi криминологтерге, қажеттi жагдайларда, нақты құқықтық шешiм ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретiн ескере отырып өз ұсыныстарының адресаттарын дәл таңдауға мумкiндiк бередi. Криминологтің тергеушi, прокурор, судья, адвокат болып жинақтаған тәжiрибесi де елеулi рөл атқарады. Бұл қылмыскерлiктi де, онымен күрестің жолдарын да нақты жағдайда көрiп-бiлуге мүмкiндiк бередi.

Криминологияда сөзсiз практикалық сипат бар екендiгiн көрсетуге болады: оның ұсыныстары негiзiнде қылмыскерлiкпен күрестің бағдрламасы жасалады, заңнамалар өзгередi, қоғамдық қатынастар жетiлдiрiледi, қылмыстардың себептерi, қылмыскердiң жеке басы туралы мәлiметтер көрінic табатын қылмыстық-iс жүргiзу құжаттары, прокурорлық қадағалау актiлерi жасалады және т.б. Тергеушi, прокурор, судья, жедел-iздестiру, контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қылмыстың себептерi мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылымыскердiң жеке басын дұрыс бағалай бiлуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға мiндеттi. Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмiлеге жол бермеуi керек.