Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Төле би туралы соны деректер

2001 жылы наурыз-сәуір айларында тарих ғылымдарының докторы Сейтқали Мадуан Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының және Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті басшыларының тапсырмасымен Мәскеу қаласында ғылыми іс-сапармен болып қайтты. Сапардың басты мақсаты Мәскеу қаласының әлемге әйгілі ірі мұрағаттары мен кітапханаларының қолжазба қорларынан Төле би туралы жазба деректерді тауып, көшірмесін алып қайту еді. Осы сапардың нәтижесінде бабамыз туралы бірсыпыра жазба деректерді табудың сәті түсті. Ол деректер бүгінде Төле би ауданында сақтаулы. Ғалым ағамыз Мәскеу сапарынан оралған соң да Төле би туралы өз ізденістерін жалғастыруда. Соның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының кітапхана және мұрағат қорларында сақтаулы кейбір деректер табыла бастады. Солардың бірі – осы оқырмандар назарына ұсынылып отырған екі баллада.

ХVIII ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Бұл жылдары жоңғар қалмақтары үздіксіз шабуыл жасады. Олар Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария бойындағы қолөнер және сауда орталықтары болған Сайрам, Тараз, Түркістан, Сауран, т.б. қалаларды басып алуға тырысты. Сонымен қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияларды да өз қолдарына алмақ болды. Сөйтіп 18 ғасырдың алғашқы ширегінде Құба қалмақтардың шапқыншылығы қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды» апатына душар етті. 1723 ж. көктемде қалмақтын қаптаған қалың қолы (кейбір деректерге қарағанда 60 мыңдай таңдаулы атты әскер болған – С.М.) қаннен-қаперсіз жатқан бейбіт елді ойрандап, оларды мал-мүлкін тастай қашуға мәжбүр етті.

Ақын Төле би өмірінен кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық бір сәтін бөліп алып, тарихи шындық ауқымында айтылып жүрген аңыз желісімен өрілген. Өмір шындығынан ел аңызы, одан ақын шығармасы туып отырған жағдайы бар. Ақын Төле бидің ізгі әрекетін, өзіндік талғам, қабылдауымен қомақты, көрікті ете түскен. Ақынның түпкі мұраты да жақсыны жарқыратып, жаманды одан бетер жабырқатып, жексұрын етіп көрсету болса керек. Өйткені, ақын еңбегінің арқасында оқырман жаман мен жақсыны жеңіл ажыратып, нені пір тұтып, неден аулақ болу керектігін анық, айқын біліп отырғаны жөн ғой.
Ел аузындағы Төле бидің ізгі әрекеті мен биік болмысын ақын өз тарапынан тағы да ұштай түседі:

Амалы құрып, қауқарсыз қалған жоңғар жағы келген жолымен кері қайтады. Алып қалпақ иесімен қарсы келуге күш қайда?! Жоңғардың бұл шарасыз күйін ақын өзіндік тіл қолданысымен көркем жеткізе білген.
Тамсанып тісін сорып бұға берді.
Дәт айтуға еп кетіп, тіл күрмелді.
“Тісін сорып” толық тығырыққа тірелген қорқақ кісінің күйін бейнелеген тосын қолданыс.
Төле би даналығын жария еткен бұл жырды да өз кезінде Көтбай ақынды құрмет тұтудан жаңылған емес.