Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республиқасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 14 стр.

Полный просмотр работы

«АЛТЫН АДАМҒА» ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛСЕК...

«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт¬қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. «Мәдени мұра» бағ¬дар¬ламасына байланысты Пре¬зидент Н.Ә.Назарбаев: «Тарихи ескерт¬кіш¬терді жаңғырту жұ¬мысы ерек¬ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс... Ол жұмыстар¬дың біт¬кен¬¬нен кейінгі тағдыры қандай бол¬мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша¬шық тас¬тап кетеміз бе?», – деп, қын¬жыла ескерткен болатын.

Геродот б.д.д. 484 жылы, яғни Анахарсистен кейін бір жарым ға¬сырдан соң дүниеге келген, ал Лу¬киан біздің дәуіріміздің ІІ ғасы¬рында, Диоген ғылымға VІІ ғасырда ғана белгілі болған адам, сондықтан олардың да жазуында азды-көпті ауытқулар болуы заңды. Мәселен, Геродот пен Диоген Анахарсисті Гнур¬дың ұлы десе, Лукиан Даукет ұлы дейді. Алайда, гректердің Ана¬хар¬систі соншама заман бойы бірі¬нен кейін бірі жазып, айтып, үлгі етіп құрметтеп келгеніне таң қала¬сың.
Геродот айтып отырған Гел¬лес¬понт қазіргі Дарданел бұғазы, Ки¬зик сол теңіз жағасындағы қала, ал Гилея дегені қазіргі Полесие, Дне¬стр¬¬дің бойы болса, онда Геро¬дот өмір сүрген біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда скифтер Қара теңіз бойында өмір сүріп жатқан болып шығады. Олай болса, олар бұл араға одан да ертеректе, б.д.д. V ғасырдан бұрынырақ келуі де мүмкін.Сонда сақтар б.д.д. V ғасыр¬дан бұрын Қара теңіз бойын да, Жетісуды да бірдей мекендеп кел¬ген бе? Қытай жылнамалары сақ¬тар¬дың бір кезде шығыстан батысқа және оңтүстік-батысқа қарай жыл¬жығанын жазады да, сол жылжудың дәл қай кезден қай кезге дейін жүзеге асқанын анықтап айтпайды. Ал мына грек оқымыстыларының жазғаны сол олқылықтың орнын толтырып тұр ғой. Ендеше, Жетісу¬дағы б.д.д. V ғасырға жататын оба¬ны сақ көсемінің обасы деу күмәнді емес пе?
Енді осы сақтар мен Анахарсис туралы өзіміздің қазақ шежіресінен де пікір қаузап көрелік. Алдымен Қазыбек бек Тауасарұлының атасы Матай жазып кеткен Ата шежіреге жүгінейік.

Бесіншіден, Алтын адамның үйсін ханзадасы екенін алғаш жорамалдаған жазушы Тұрсын Жұртбаев болатын. “Осы арада Кемел Ақышев қазған Есік қор¬ғанындағы “Алтын киімді хан¬зада” сол Ұлы Күнбидің ұлы емес пе екен деген ой ұшығы қылт ете қалады. Оның жас мөлшері жиыр¬маның ар жақ, бер жағы деп айтылып жүр”, – дейді ол өзінің “Дулыға” атты екі томдық тарихи зерттеулерінде (Алматы, 1994.1-том. 292-бет).
Ғылымдағы бір қателік, дер кезінде түзелмесе, кейін дәлел¬денуі өте қиын көп қателікті ту¬дырары даусыз. Алтын адамның үйсін емес, сақ болып және сақ¬тың қазаққа қатысы жоқ халық боп қалуын қалайтын, ол табыл¬ған жерді қазақ жері дегісі кел¬мейтін ішкі-сыртқы күштердің бар екеніне біз көз жұмып қара¬мау¬ға тиіспіз. Тарих ғылымдары¬ның докторы, қытай тілін жетік білетін ғалым Нәбижан Мұқамет¬ханұлы “Үйсін мемлекеті жөнін¬де” атты мақаласында: “Демек, қазір қытай тарихшыларында өзінің және өз елінде қалып¬тасқан ұстанымды негізсіз өзгерту байқалады”, – деуі бізді қатты сақ¬тандыруы тиіс (“Жас Алаш”, 04.03.04). Бұған ежелден аталып келе жатқан “ғұнды” бір кезде “сиуңну” деп, “йүзіні” “жу-жы” деп, қазір “нүкіс” деп, Елжау деп оқылып келген Күнбиді Лапкөк, Мөде-Мүдені Бақтұғ деп, тағы басқа толып жатқан атауды жап¬пай өзгертіп жаза бастағаны да дәлел. Соның бәрін көре-біле тұрып біздің жайбарақат жүріп жатқанымыз ғылымға мән бер¬меу¬шілік екені сөзсіз.