Неке қатынастары халықаралық құқықта
Жоспар
Кіріспе 3
I Бөлім. Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі 7
1.1 Неке қатынастарының пайда болу тарихы 7
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері 13
II Бөлім. Неке институтының қазақстандық және мұсылман құқығы бойынша сипаттамасы 18
2.1 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі 18
2.2 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некені бұзу және оның салдары 30
III Бөлім. Неке қатынастарындағы өзекті мәселелер 39
3.1 Неке қатынастарындағы коллизиялық мәселелер 39
3.2 Жалған неке 50
3.3 Неке шарты 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75
Кіріспе
Қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы келесі жағдайлармен анықталады. Бүгінгі таңда неке қатынастары тек біздің мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс алуда. Некесіз қатынастардың, жалған некелердің, толық емес отбасыларының саны артуда. Кейде отбасы дағдарысының белгілері ретінде қарастырылатын осындай құбылыстарды қазіргі индустриалдық қоғамның, Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының және әлеуметтік экономикалық өмірдің жалпы талаптарына сай отбасының жаңа түрінің пайда болуы деп айтсақ дұрысырақ болады.
құқықтық реттелу ерекшеліктерін зерттеу және т.б.
Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін халықаралық жеке құқық мамандары ─ Сарсембаев М.А., Ануфриев Л.П. Чешир Дж., Норт П., Звеков В.П., Мухаммад Али-Аль Хашими секілді, қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың әдебиеттері құрады. Теоретикалық материалды халықаралық құқықтық актілер, сондай-ақ неке қатынастарының құқықтық аспектілерін белгілейтін Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдары толықтырды. Неке қатынастарының тарихы және басқа да мәселелеріне қатысты бағалы материалдар Интернеттің түрлі сайттарынан алынған.
Осы бітіру жұмысы үш бөлімнен, жеті параграфтан, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлім неке қатынастарының құқықтық режимінің жалпы мәлелеріне арналған. Мұнда неке қатынастарының пайда болу тарихы, халықаралық жеке құқықтағы некенің түсінігі мен түрлері сияқты мәселелер қарастырылады. Некенің пайда болу тұжырымдамасын, оның қай теория негізінде және қашан пайда болғанын білмей тұрып оны түсіну, оған дұрыс баға беру мүмкін емес. Автор мифтік, діни немесе соған ұқсас неке түсініктерін емес, тек ғылым шеңберіндегі көзқарастарды ғана қарастырып кетеді.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы заңнамасына және ерекше құқық жүйесінің бірі болып табылатын мұсылман құқығы бойынша неке қатынастарының салыстырмалы сипаттамасы беріледі, яғни екі құқық жүйесі бойынша некеге тұрудың, некені бұзудың тәртібі мен талаптары, неке бұзылған жағдайда туындайтын құқықтық салдар секілді мәселелер жөнінде айтылады.
Үшінші бөлімде неке қатынастарында туындайтын коллизиялар, неке шарты және некенің болмысына мүлдем қайшы келетін, дегенмен де қазіргі таңда орын алып жүрген жалған неке мәселелерінің құқықтық реттелу жағдайлары қарастырылады.
I Бөлім. Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
1.1 Неке қатынастарының пайда болу тарихы
Неке туралы түсініктердің тарихи дамуы әлемнің әр жерінде әр түрлі көрініс тапты. Неке туралы діни көзқарастардың орнына кейде этикалық көзқарастар да қабылданды. Бұл жағдайда неке құпия ретінде де емес, шарт ретінде де емес, ерекше бір институт түрі ретінде қарастырылды. Некеге мұндай анықтама берген И.Кант болатын. Мұны «Метафизика нравов» кітабынан да көруге болады. Оның ойынша келісім-шарт тұжырымдамасы некеге қатысты қолданылмауы керек, өйткені келісім-шарт некені тудыра алмайды. Келісім-шарттан тек белгілі бір мақсатты түсінуге болады. Ал неке адамның бүкіл өмірін қамтитын және белгілі бір мақсатқа жетумен емес, ерлі-зайыптылардың өлімімен ғана тоқтатылатын бір құбылыс.
Бұл теорияның жетіспеушілігі, неке туралы этикалық көзқарастарды құқық саласына аудару болды. Құқық, міндетті түрде сол кезеңнің этикалық көзқарастарына сәйкес құрылуы тиіс еді. Бірақ құқық түгелдей тек этикалық нормалардан тұра алмайды.
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері
Ең алдымен некеге тұрудың басты себебі болып табылатын «отбасы» ұғымына анықтама беріп кетейік. Отбасы лат.тіліндегі «familia» сөзінен шыққан, бірінші мағынасы отбасы болса, екіншісі Ежелгі Римде отбасылық шаруашылық құқықтық бірлікті білдіреді. Отбасы деп ─ некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы аталады. Отбасы мүшелері әдетте бір үйде тұрады.
II Бөлім. Неке институтының қазақстандық және мұсылман құқығы бойынша сипаттамасы
2.1 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
Қазақстандық және мұсылман құқығындағы неке институтын салыстырмастан бұрын, екі құқықтық жүйенің ең алдымен қайнар көздеріне байланысты ажыратылатындығын айта кеткен жөн.
Қазақстандық құқықтық жүйе романо-германдық жүйеге жататын болғандықтан заңды басшылыққа алады. Ең жоғарғы заң Конституция болып табылады. Құқықтың белгілі бір саласымен қамтылған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар жалпы қағидаларға негізделген кодекстерде жинақталады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында (бұдан әрі ─ ҚР) отбасы қатынастары 1998 жыл 17 желтоқсанда қабылданған Неке және отбасы туралы Заңымен реттеледі.
Мұсылмандық құқық жүйесі діни сипатқа ие. Құқықты заң шығарушылық салаларға бөлу мұсылман құқығына тән емес. Мұсылман құқығының негізінде Құранның, Суннаның (хадистер-Мұхаммед(с.а.у.) айтқан сөздері мен жасаған әрекеттері) заңды маңызға ие ережелері, сондай-ақ иджма мен қияс жатыр.
III Бөлім. Неке қатынастарындағы өзекті мәселелер
3.1 Неке қатынастарындағы коллизиялық мәселелер
1948 жыл 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына сәйкес барлық адамдар тең құқылы және еркін болып дүниеге келеді. Әрбір адамның өмір сүруге, жеке өмірінің қол сұғылмау шылығына, еркіндікке құқығы бар. Және бұл жерде еркек пен әйелді бөліп қарастыруға болмайды, екеуінің құқықтары теңдей.
Бұл нормалар тек жоғарыда аталған Декларацияда ғана емес, барлық дерлік мемлекеттердің Ата заңында көзделген. Мысалы АҚШ, ҰБ, Германия, Франция сияқты жетекші елдер ең алдымен адам және адам құқықтарына көңіл бөледі.
Отбасы құқығының материалдық - құқықтық нормалары әр мемлекетте әр түрлі болғандықтан бұл салада шетелдік элементпен күрделенген құқықтық қатынастарды шешу барысында, тәжірибеде көптеген қайшылықтар туындайды.
3.3 Неке шарты
Бүгінгі таңда неке шартының жақтаушылары да қарсыластары да аз емес.
Барлық мемлекеттерде дерлік неке және отбасы қатынастарына түсуші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғаудың негізгі құралы ретінде неке шарты, яғни некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім есептеледі.
Отбасы қатынастарында маңызды болып табылатын мәселелердің бірі меншік мәселесі. Әсіресе ерлі-зайыптылар әр түрлі елдің азаматы болған жағдайда меншік мәселесіне байланысты қай елдің заңы қолданылады деген сұрақ туындайды. Кейбір елдерде, мысалы Италияда, неке қию уақытында шешуші заң деп еркектің ұлттық заңы қарастырылады. Ал Англия, Франция мемлекеттерінде шешуші заңға сілтеме жасайтын коллизиялық нормалар жоқ. Мұнда тараптардың таңдау құқығы бар, әйелдің немесе еркектің мемлекетінің заңы қолданылады. Англия мемлекетінде де тараптарға ерікті түрде келісу немесе таңдау құқығы беріледі. Бірақ тараптар қолданылатын құқықты таңдамаған немесе дауласып жатқан болса коллизиялық нормаға сілтеме жасайды.