Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары 4
1.1 Облыс экономикасына жалпы сипаттама 4
1.2 Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы 7
1.3 Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселері 7
ІІ-тарау. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы 23
2.1 Шардара ауданынан жалпы сипаттама 23
2.2 Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері 28
2.3 Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму келешегі 30
2.4 Шардара су қоймасындағы суды қорғау мәселелері 31
Қорытынды 39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 40
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Балық шаруашылығы – балықты өндіру және өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің бір саласы. Тамақ өнеркәсібінің бір саласы ретінде балық шаруашылығы ХYII - ғасырда пайда болды. Балық шаруашылығы Қазақстан республикасы территориясында негізінен Каспий және Арал теңіздерінде жүргізілді. Шардара су қоймасында балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400-ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Шардара су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Шардара су қоймасы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы балықты ең көп аулайтын су қоймасы.
Жұмыстың мақсаты: Шардара су қоймасында балық аулаудың тарихы мен қазіргі жағдайына тоқтала отырып, мұнда балық аулаудың облыс экономикасындағы алатын орнын айқындау.
І-тарау. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен балық шаруашылығын дамытудың алғы шарттары
1.1 Облыс экономикасына жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территориясының солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал шаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған./1/
Оңтүстік Қазақстан облысының көп ғасырлық тарихы бар. Мұнда Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл өлке ертедегі мәдениет пен цивилизацияның орталығы. Ертедегі Оңтүстік Қазақстан облысында көне түрік қағанаты заманында көне мәдениет ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Яссы, Әулие-Ата қалалары дамыған. Мұнде әлемдік маңызы бар ғылыми және білім орталықтары болған.
1.2 Су ресурсының шаруашылықтағы маңызы
Қазір республикада ірі су комплекстері көп. Электроэнергияны өндіруге байланысты, осы су торабы зоналарында басқа комплекс мүшелерінің сұраныстары жақсы шешілуде, атап айтқанда: қалаларды, өндіріс орындарын, жылу электростанцияларын, жер суландыруды, су көліктерін және сал ағызуларды сумен қамсыздандыру. Осы құрылған су қоймалардың көпшілігінде қайта балық өндіруге жағдайлар бар.
Су шаруашылық комплекстерді құрғанда әр өзен бассейні бір су шаруашылық жүйе ретінде қарастырылады, барлық элементтері - өзендер, көлдер, жылғалар, әуіттер, суқоймалар, батпақтар және жер асты сулары бір - бірімен байланысты және өзіндік гидрологиялық тепе - теңдігін сақтайды. Сондықтан бір немесе бірнеше элементтерді пайдаланғанда, толық жүйенің нормальді іс-әрекетін бұзбау керек.
1.3 Облыста тамақ өнеркәсібін дамыту мәселері
Тамақ өнеркәсібі – аграрлық - өнеркәсіптік кешеннің негізгі өңдеуші саласы. Оны өңдеу үшін қажетті шикізат (астық, ет, сүт, қант қызылшасы, картоп) алып отыратын ауыл шаруашылығымен, шаруашылықтың басқа салаларына қарағанда өте тығыз байланысты. Бұл сала өсімдік және мал шаруашылығына едәуір әсер етеді. Ол ең алдымен, өнімнің қолданылу аясын кеңейтіп, ауыл шаруашылық өндірісінің тауарлығын арттырып, жаңа шикізат базаларының дамуына ықпал жасайды.
ІІ-тарау. Шардара су қоймасында балық шаруашылығының дамуы
2.1 Шардара ауданынан жалпы сипаттама
Шардара ауданы облыстың оңтүстік - батыс бөлігіндегі аумақтық -әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың шаршы шақырым, облыстың 11,1 % - ын құрайды. Тұрғын саны 70 мың адам. Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және ауылдық округке біріктірілген.
Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік - шығысын ала, аллювийлік жазықта орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15 - қазанда Мемлекеттік комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м3 Шардара бөгені мен су электр станциясының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды.
2.3 Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму келешегі
Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының дамуының облыс экономикасында алатын орны ерекше. Жергілікті халықтың айтуы бойынша «Шардара су қоймасының балығынан тәтті және майлы балық жоқ». Жыл сайын 200 тоннаға дейін балық өңделіп шығарылады. Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан ауланған балықтарды «Шардара балық» ЖШС өңдейді. Олардың өндіретін өнімдері негізінен филе және кептірілген балық. Олардың сапасы өте жоғары, сондықтан ол тек республика көлемінде ғана емес, шет елдерде де үлкен сұранысқа ие. Бұл балық өнімдері Ресей федерациясы, Германия, Түркияға экспортталады. Мұндағы қазіргі таңдағы негізгі мәселе – браконерлердің балық аулауы.
2.4 Шардара су қоймасындағы суды қорғау мәселелері
Суды қорғау жөніндегі негізгі концепцияларға сәйкес мына бағыттар көрсетіледі: су объектілері, заттары, энергиясы мен алмасатын суқойманың ішіндегі және басқа экологиялық жүйенің шегінде реттеу процестері, бұл жұмыстың мақсаты-уақытпен шектелмеген қоғам өміріне қолайлы сапалы қоршаған ортаны сумен қамтамасыз етуді сақтау және қайта құру,халық шаруашылық мұқтажын қанағаттандыратын, сонымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуші қоғамдық өндіріс объектісі ретінде судың қолайлы күйін қамтамасыз ету.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Шардара су қоймасында балық өндірудің облыс экономикасында алатын орнының ерекше екендігін көруге болады.
2002 жылы Шардара су қоймасында Қазақстан республикасының ең ірі өзендерінің бірі Сырдарья өзенінде балық аулау 129 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 1992 жылмен салыстырғанда 16 есе аз. Бұл туралы мәліметті Қазақстан республикасы балық шаруашылығы ғылыми- зерттеу орталығы ғалымдары орындаған арнайы есептен көруге болады. Бұл есепте Шардара су қоймасы салынған уақыттан бастап қазіргі кезеңге дейінгі балық шаруашылығының дамуына талдау жасалынған.