Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 79 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру


ЖОСПАР

КІРІСПЕ 5
1 ШАРАДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ БЕРІЛГЕН КЖТ ТЕХНИКАЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ 6
1.1 Көшелер мен жолдар жүйелеріндегі апаттылықты талдау 6
1.2 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің 2003-2007 жж. 7
1.3 Қолдасов көшесінің жалпы сипаттамасы және негізгі мақсаттары 17
2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 18
2.1 Шардара қаласының Қолдасов КЖТ қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бойынша іс-шаралар 18
2.2 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің өткізу мүмкіндігін есептеу 19
2.3 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің жол-көлік оқиғаларын санын азайтатын және қозғалыс қауіпсіздігін жақсартатын шаралар 23
3 КӨШЕЛЕРЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 26
3.1 Көше қиылыстарындағы автомобильдер іркілісін зерттеу 26
3.2 Қиылыс алдындағы рұқсат етілген жылдамдықты анықтау 27
3.3 Көлік ағындарының жол - көше жүйесі бойымен таралуы 30
3.4 Көше қиылыстарының жүктелуін бағалау 34
3.5 Көше қиылыстарының күрделілігі мен қауіптілігін анықтау 35
4 ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОЛДАСОВ КЖТ ТРАНСПОРТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚИЫЛЫСТАҒЫ ФАЗА БОЙЫНША АЖЫРАТУ СХЕМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАҒДАРШАМДЫҚ БЕЛГІЛЕУ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ 38
4.1 Бағыттар бойынша транспорт ағындарының келтірілген қозғалыс қарқындылығын есептеу 38
4.2 Бағыттар бойынша болашақтағы есептік қозғалыс қарқындылығын анықтау және қиылысқа жақындаулардағы қозғалыс жолақтауының санын анықтау 39
4.3 Қиылыстағы түйісу нүктелер санын, мүмкін қауіпті жағдайларды анықтау және транспорт құралдарын фаза бойынша ажырату схемасын жасау 39
4.4 Жүріс бөлігінің енін анықтау және цикл және оның элементтерінің ұзақтылығын есептеу 42
5 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 47
5.1 Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы заңы 47
5.2 Жолды жөндеу және күту жөніндегі қауіпсіздік техникасына негізгі талаптар 47
5.3 Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі 50
5.4 Жылжымалы құрамның жабдықтарына және техникалық жағдайына талаптар 51
5.5 Автотранспорттық тұрақтарындағы және гараждарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары 52
5.6 Бақытсыз жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек 53
5.7 Жарықтандыру және электро - қауіпсіздік 53
5.9 Өртті су жабдықтау 55
6 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 57
6.1 Іштен жану қозғалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін әсерін талдау 57
6.2 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің автотранспортының әсерінен ластануы 59
6.3 Атмосфералық ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер мөлшерін анықтау 60
6.4 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің орталық бөлігіндегі арқылы өтетін транспорт құралдарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін кеміту жолдары 63
7 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 64
7.1 Берілген автомобиль жолында болған транспорт оқиғаларын талдау 64
7.2 Қозғалыс қауіпсіздігіне арттыру іс-шараларына күрделі салымдар 65
7.3 Іс-шараларды енгізгеннен кейінгі жол-көлік оқиғалары шығындарының қысқаруы 66
7.4 Енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін анықтау 68
8 БИЗНЕС-ЖОСПАР 70
ҚОРЫТЫНДЫ 77
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
АННОТАЦИЯ 79

КІРІСПЕ

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін транспорт құралдарының құрылысының алатын орны ерекше. Отандық және шет елдік өнеркәсіп шығарып жатқан транспорт құралдары негізінен қазіргі заман талаптарына толық жауап береді. Бірақ оларды пайдалану жағдайларының әр алуандығы мен күрделілігі барлық жағынан да оңтайлы, тиімді болып табылатын автомобиль құрылысының жеткілікті дәрежедегі шегін белгілеуге мүмкіндік бермейді.
Әсіресе бұл қағида автомобильдердің қауіпсіздігіне қатысты болып табылады. Өз кезегінде транспорт құралдарының қауіпсіздігі адамдар үшін жоғары қауіптілік көзі болып есептеледі. Бұл қауіптілік, автомобиль қозғалтқыштарының қуаты мен автомобильдердің жылдамдығының күн сайын жоғары қарқынмен өсуі салдарынан қозғалыс қауіпсіздігі бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отырған, соңғы жылдары күр артып отыр. Бұлардың барлығы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша тиімді шаралар қабылдау қажеттілігін тудырып отыр.

1 ШАРАДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ БЕРІЛГЕН КЖТ ТЕХНИКАЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

1.1 Көшелер мен жолдар жүйелеріндегі апаттылықты талдау

Жергілікті сипаттағы және апаттылық ошақтарында жүргізілетін, жол жағдайларын жетілдіру шараларымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар автомобиль жолдары мен көшелердің ұзындығы үлкен аралықтарында да жүргізіледі - бұл қолдың жүріс бөлігінің енін кеңейтумен байланысты, жолды қайта салу, жол бетінің қаптамасын жөндеу немесе жаңадан төсеу, жол белгілерінің тіректерін алмастыру, жол бетіне жол таңбаларын салу және т.с.с. Сондықтан да, жолдар мен көшелердің қауіпті бөліктері жергілікті ғана емес, сонымен бірге таралған да болып келеді. Жолдың мұндай бөліктеріндегі шаралар үлкен материалдық шығындарды қажет етеді және оларды ұйымдастыру, әдетте, тек қана қозғалыс қауіпсіздігі талаптарымен ғана емес, сонымен бірге жолдың өткізу мүмкіндігін арттырумен, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау мерзімінің қысқаруымен және де жолдар мен көшелердің көліктік-пайдалану сапасын арттыру талаптарымен де негізделеді.

1.2 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің 2003-2007 жж.

ЖТО-ны талдау жасау
ЖКО тіркеу жүйесінде көлік құралдарына қозғалтқышының қуаты мен ең жоғары жылдамдығына байланыссыз автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мотоколяскалар, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, тракторлар және басқа өздігінен жүретін механизмдер, сондай-ақ жануарлар жетілген арбалар жатады.
Мемлекеттік тіркелуге тек адамдардың қайтыс болуы немесе қарақат алуы орын алған ЖКО ғана жатады. Мемлекеттік тіркелуге сондай-ақ қоршалған және күзетілетін аумақтардағы, мекемелердегі, аэродромдардағы, әскери бөлімдер мен басқа жабық нысандардағы орын алған ЖКО, сонымен бірге жарыстар мен жаттығулар өткізу кезіндегі жүргізуші-спортшылар, төрешілер немесе осы іс-шараларды өткізуге қатысатын басқа қызметкерлер жәбірленген ЖКО жатпайды.

1.3 Қолдасов көшесінің жалпы сипаттамасы және негізгі мақсаттары

Шардара қаласының берілген жолдың жалпы қалалық мәні бар магистраль категориясына жатады. Берілген жол көптеген жолдармен қиылысды: Ғ.Муратбаев, Амангелды, Смағұлов және Пірімқұлов. Берілген жолдың ені 4,5 м, қозғалыс қарқындылығы 750 авт/тәулігіне, ал қолдың ұзындығы 1,5 км. Автомобильдер түнгі уақытта қозғалысы үшін жүріс бөлігін жасанды жарықтандыру бекіткен нормаларға сәйкес жүргізілмеген. Жаяу жүргіншілер жолында жарықтандыру қарастырылмаған. Берілген жол қазіргі уақытта талаптарына жауап бермейді. Қиылыстарда тexникалық параметрлерінің қозғалысын көлік құралдарының нақты санына сәйкес келмеуіне байланысты апаттық жағдайлар пайда болады. Жалпы, қазіргі уақытта заманғы берілген жолдың қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Қолдасов көшесіндегі барлық жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар 1.6.кесте көрсетілген.

2.2 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің өткізу мүмкіндігін есептеу

Нақты өткізу мүмкіндігі қолданыстағы автомобиль жолдары үшін нақты қалыптасып отырған жол жағдайларына сәйкес анықталады. Бұл мәліметтердің тәжірибелік мәні зор, өйткені олар жылдамдық пен қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген деңгейін қамтамасыз ету жағдайы үшін жолдың өткізу мүмкіндігін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Анықталған нақты өткізу мүмкіндігінің дұрыстығы анықтау әдістемесіне, зерттеудің толықтығына және мәліметтерді өңдеуге байланысты болады. Жолдың өткізу мүмкіндігін сипаттайтын мәліметтердің маңызын, мәнін ескере отырып, зерттеуші байқау орыным таңдауға, тіркелуші мәліметтердің көлемінің жеткіліктілігіне және транспорт ағынындағы автомобильдердің жылдамдығын өлшеу дәлдігіне басты назар аударуы тиіс. Бірақ, автомобильдердің қозғалысын қарастыра отырып олардың транспорт ағындарының шектік қарқындылық шамасын бағалаған кезде біз тек қана жолды ғана емес, жалпы «Жүргізуші - автомобиль - жол - орта» жүйесін сипаттаймыз. Өйткені, транспорт құралдары мен жүргізушілердің сипаттамалары жолдың параметрлерімен қатар өткізу мүмкіндігіне елеулі әсер етеді.

2.3 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің жол-көлік оқиғаларын санын азайтатын және қозғалыс қауіпсіздігін жақсартатын шаралар

Шаралар:
А) Автомобильдерді тұраққа қоюға тыйым салу немесе тыйым салу уақытын шектеу. Автомобильдердің тоқтауына тыйым салу. Жақын маңдағы тұрақтар мен дәрігерлік көмек бекеттері туралы жол белгілерін орнату.
Б) Транспорт құралдарының түрлері мен ауа - райы жағдайларына байланысты қозғалыс жылдамдығының жоғарғы шегін белгілеу. Тиісті жол белгілерін орнату.
В) Автомобиль жолдарымен қозғалушы транспорт құралдарының массасына тұрақты немесе уақытша шектеу қою.
Г) Қозғалысты реттеудің реверсивті түрін енгізу. Қажетті жерлерге тиісті бағдаршамдар орнату.
Д) Басып озуға тыйым салу. Тиісті тыйым салушы жол белгілерін орнату.
Е) Транспорт құралдарымен соқтығысу кезінде бұзылатын жол белгілерін, тұғырларды, қондырғыларды орнату.
Ж) Жолдың жүріс бөлігіне үй және жабайы аңдар мен жануарлардың шығып кетпеуі үшін қоршаулар орнату.

3 КӨШЕЛЕРЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1 Көше қиылыстарындағы автомобильдер іркілісін зерттеу

Көше қиылысындағы іркіліс шамасын анықтау кезінде берілген бағыттағы тоқтатылған автомобильдердің жинақтаған іркілістерінің қосындысы анықталады және, сосын олар, осы бағыт бойынша көше қиылысынан өткен бір шартты автомобильге келтіріледі.
Қозғалыс іркілістерін зерттеу мына төмендегідей тәртіпте жүргізіледі. Алдымен жекелеген бағыттар бойынша, 20 минут уақыт аралығы үшін қозғалыс қарқындылығы есептеледі. Сосын арнайы дайындалған кестеге зерттелуші көше қиылысындағы қозғалыс бағыттары бойынша тоқтаған және тоқтамай тура өтіп кеткен автомобильдер туралы мәліметтер енгізіледі. есептеулер 10 минут уақыт аралығы үшін жүргізіледі.

3.3 Көлік ағындарының жол - көше жүйесі бойымен таралуы

Бұл бөлімді орындаудың негізгі мақсаты көлік ағындарын жол-көше жүйесінің бойымен бір қалыпты және оңтайлы таратып бөлу болып табылады.
Бұл бөлімнің барысында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің берілген аумақтағы қозғалысын, қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын (жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар, қоршаулар мен шарбақтар және т.с.с.) пайдалана отырып, ұйымдастырудың үлгісі (моделі) жасалады.
Бұл мәселелерді шешу барысында келесі міндеттер орындалуы керек:

3.4 Көше қиылыстарының жүктелуін бағалау

Көше қиылысының көлік құралдарымен жүктелуі туралы қорытындылар жасау үшін көше қиылысына келуші әрбір жолдың жүктелуін жеке-жеке бағалау керек. Әрбір келу жолының өзіндік өткізу мүмкіндіктері мен өзіндік қарқындылықтары және өзіндік ағын құрамы бар.

4.3 Қиылыстағы түйісу нүктелер санын, мүмкін қауіпті жағдайларды анықтау және транспорт құралдарын фаза бойынша ажырату схемасын жасау

Қауіпті нүктелердің саны рұқсат саны етілген қозғалыс бағыттары мен транспорт құралдарының қозғалыс қатарларының саны бойынша анықталады. Сонымен бірге транспорт құралдары мен жүргіншілер қозғалысының траекториясын да ескеру қажет.
Қиылыс схемасын бұрылған маневрлер траекториясы мен қозғалыс қатарлары көрсете отырып сызу қажет. Осы схема бойынша әр түрлі типтегі қауіпті нүктелердің санын анықтау қажет, сосын келесі теңдеу бойынша қиылыстың күрделігі көрсеткішін есептедім.

4.4 Жүріс бөлігінің енін анықтау және цикл және оның элементтерінің ұзақтылығын есептеу

Жолдың жүріс бөлігінің ені нормативтік құжаттар бойынша [5,6] таңдап алынған қозғалыс жолақтарының екі, саны және жалпы қалалық немесе аудандық мәні бар магистральда көшелердің категориясы негізінде анықталады. Ол үшін әдістемелік нұсқаудағы 6-қосымшаны қолдана отырып жалпы қалалық мәні реттелетін көшелер үшін бір қозғалыс жолағының енін 3,75 м деп қабылдаймыз.
Бізде тік бағытта 4 жолақ бар, ол көлденең бағытта 6 жолақ бар. Жеңіл автомобильдер тұрағы үшін бір жолақты ескере отырып тік бағыттағы жолдың жүріс бөлігінің енін 15м, ал көлденең бағыттағы жүріс бөлігінің енін 23м деп қабылдаймыз.

5 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

5.1 Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы заңы

Қызметтерді еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы. Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының 12.03.2004 ж. «Тіршілік және еңбек қауіпсіздігі» заңына сәйкес қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің, алдын - алу қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды. Еңбек қорғау дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу, алдын-алу шараларын білдіреді. Еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қызметтер, кәсіпорындар жаңадан құратын ассоциацияларды, корпорацияларда, концерндерде басқа да бірлестіктерде құрылу тиіс.

5.3 Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі

Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекеттеріне жіберілген автомобильдер лайдан және қардан тазаланып, жуылуы керек. Көтергіште автомобильге қызмет көрсету кезінде көтергіштің басқару тетігінде «Тиіспе автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр» деген жазу ілінуі керек. Жұмыс орнын шаңнан, ағаш үгіндісінен, басқа металл үгіндісінен тазарту тек қана щеткалармен рұқсат етіледі. Шаңды, ағаш және металл үгінділерін қысылған ауамен үрлеуге тиым салынады. Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қажетті құрылғылармен, приборлармен, инвентарьмен, саймандармен жабдықталған арнайы орындарда жасалады. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекеттерінің орналасуы, осы бекеттерде қойылған автомобильдер арасындағы ара - қашықтық, сонымен қатар автомобильдер мен ғимарат конструкциялары арасындағы қашықтықтар ОНТП-01-86-ге сай келуі керек.
Автомобильге жөндеу және қызмет көрсетуші жұмысшылар арнайы құрал-саймандармен жабдықталуы керек.
Салмағы 15 кг немесе одан да көп агрегаттар мен бөлшектерді шешу немесе орнату кезінде арнайы құралдармен шешуге жабдықталған көтеруші транспорттық механизмдерді қолдану қажет.

5.5 Автотранспорттық тұрақтарындағы және гараждарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары

Автомобиль саны 5-ке дейін гараждарда детальдарды керосинмен жуу, қажетті өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып, автомобильдерді жөндейтін арнайы орындарда жүргізіледі.
Автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсетудің барлық орындарында келесі өрт қауіпсіздігі шаралары сақталуы тиіс:
1. автомобильдердің тұрақтан желіге шыққаннан кейін және әр смена жұмысы соңынан кейін бөлмелерде және қарау шұңқырларында қалдық және қоқымдарды жинап алу керек.
2. төгілген май және отындар дер кезінде құм немесе ағаш үгіндісі көмегімен тазалап, қолданылған құмды және ағаш үгіндісін жинап гараж сыртында орналасқан қақпағы бар арнайы темір жәшіктерге тастау керек.
Автомобильдерді гараждарда, бастырма астындағы тұрақта, арнайы алаңдарда орналастыру, гаражсыз сақтау үшін гараждар құрылыстық нормаларға сай келуі керек.
Тез тұтанғыш сұйықтарды таситын автоцистернаны сақтау орындары басқа орындардан алшақ тұруы керек.

5.9 Өртті су жабдықтау

Жұмыс орындары мен ішкі ортаға радионуклидтердің таралуын болдырмау, соған тиісті жобалау, қажетті радиациялы бақылау мен санитарлы кіргізу тәртібін ұйымдастыру, радиоактивті заттарды тасымалдау жағдайларын жасау, индивидуалды қорғаныс құралдарың пайдалану, дезактивациалы жұмыс жүргізу, сонымен қатар шаң газ тұту, жылу беру, су жабдықтау және су алу қондырғыларын жүргізу, онда радиоактивті заттармен жұмыс жүргізіледі.
Қалыпты метеорологиялық жағдаймен қамтамасыз ететін іс-шараларға келесілер жатады:

6.2 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің автотранспортының әсерінен ластануы

Берілген көше бойларындағы көптеген автотұрақтарды да атап өту қажет. Олар негізінен көшенің екі жағына да орналасып, транспорт құралдарының қозғалысын қиындатады. Шардара қаласының Қолдасов көшесінің қаланың аса жоғары деңгейде жүктелген көшелері қатарына жатқызылады. Ол көшелер бойымен қаланың орталық бөлігі қаланың шеткі ықшам аудандарымен, өнеркәсіп орындары мен байланыстырылған тәуліктік қозғалыс қарқындылығы шамамен 750 құрайды, бұл шама жобаланған тәуліктік қарқындылық шамасынан 8,5 пайызға артық болып отырғанын атап өту керек. Бұлардың барлығы сайып келгенде көше қиылыстарындағы қозғалыс іркілістерін жоғарылатады және сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін көбейтеді.
Шардара қаласының Қолдасов көшесінің қаланың аса жоғары деңгейде жүктелген көшелері қатарына жатқызылады. Ол көшелер бойымен қаланың орталық бөлігі қаланың шеткі ықшам аудандарымен, өнеркәсіп орындарымен байланыстырылған.

6.4 Шардара қаласының Қолдасов көшесінің орталық бөлігіндегі арқылы өтетін транспорт құралдарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін кеміту жолдары

Шардара қаласының орталық бөлігіндегі жол - көше жүйелері бойындағы ағаштар мен әртүрлі өскіндер оқтын-оқтын жаңартылып отырылуы тиіс. Шардара қаласының Қолдасов көшесінің жүйелері арқылы өтетін транспорт құралдарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін әсерін кеміту және осы ауданның экологиялық ахуалын жақсарту үшін орталық көшелерде транспорт құралдарының үйлестірілген ұйымдастыру көше қиылыстарындағы транспорт іркілістерін азайтып, тиісінше транспорт құралдарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Көше бойларындағы автобус аялдамаларын жолаушылар тасымалының тиісті көлеміне сәйкес қайта жабдықтау қоғамдық көліктің іркілістерін азайтады және уақыт үнемдеумен қатар транспорттың кері әсерін де кемітеді.

7 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

7.1 Берілген автомобиль жолында болған транспорт оқиғаларын талдау

Бұл бөлімде қарастырып отырған автомобиль жол бөлігіндегі жол-көлік оқиғаларының жалпы экономикамызға әкелетін шығындары, сол жол-көлік оқиғаларын қысқартуға бағытталған іс-шаралар тиімділігі анықталады.
Жобада қарастырылып отырған берілген автомобиль жолының бөлігінің ұзындығы 1,5 км.

7.2 Қозғалыс қауіпсіздігіне арттыру іс-шараларына күрделі салымдар

Бұл бөлімде қарастырып отырған берілген КЖТ қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін негізгі бөлімде ұсыныстар ретінде берілген іс-шараларға жұмсалатын күрделі салымдар анықталады.
Күрделі салымдар әр іс-шара бойынша іріленген көрсеткіштер арқылы жеке есептеліп қосылады.
Жобада қарастырылып отырған іс-шараларға жекелеп тоқталатын болсақ, онда олар төмендегідей болады:
1) Жол белгілерін орнату;
2) Берілген КЖТ қиылысындағы бағдаршамдардың цикл ұзақтығын өзгерту;
3) Жол таңбасын орнату және т.б.
Берілген КЖТ көшелерінің қиылысындағы жасалынатын іс-шаралардың жұмыс көлемі:

7.3 Іс-шараларды енгізгеннен кейінгі жол-көлік оқиғалары шығындарының қысқаруы

Мұнда қарастырып отырған жол-көлік оқиғаларының саны қозғалыс қауіпсіздігін арттыру іс-шараларын енгізгеннен кейін қысқарады деп күтілуде. Олардың және шетелдік мәліметтерге сүйене отырып, өзіміз қарастырып отырған іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының саны неше пайызға төмендететіні келісі кестеде көрсетеміз.

7.4 Енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін анықтау

Енгізілетін іс-шаралар тиімділігін анықтау үшін экономикалық табысты есептеу қажет. Табыс түрінде пайда, өзіндік құнның төмендеуі немесе шығындардың қысқаруы қарастырылады.
Біздің жағдайда экономикалық табыс келесі формуламен анықталады:

8 БИЗНЕС-ЖОСПАР

1. Аннотация
1. Бизнес-жоспар тақырыбы: «Шардара қаласының КЖТ жол қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастырудың арттыру бойынша бизнес- жоспары».
2. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, 11 мөлтек 18-48.
3. Сымтетік: -
4. Бизнес-жоспар жасаған: Шайх Б.А.
5. Бизнес саласы: Жол қозғалысын ұйымдастыру.
6. Қызметтің негізгі түрі: Қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
7. Жұмыстың басталу мерзімі: 2008 жылдың 1-маусымы.
8. Бизнес — жоспар 1 жылға есептеліп жасалынған.
2. Түйін
ОҚО «Жол пайдалану басқармасы» Мекемесі қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру. Ең басты проблема - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі, бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

АННОТАЦИЯ
______________
«Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру» - М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚМУ, Шымкент 2008 ж. ____ бет, ____ сурет.
Дипломдық жобада: берілген көше-жол тораптарында соңғы 5 жылда жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО-лардың талдамасы жасалған. Шардара қаласының Қолдасов КЖТ өткізу мүмкіндігіне еспетеулер жүргізілді және көшелер жүйесіндегі қозғалысты ұйымдастыру бойынша шаралар жаслынды. Қолдасов КЖТ қиылыстарындағы автомобильдер іркілістеріне зерттеу жұмыстары жасалынды. Берілген КЖТ транспорт құралдарының бағыттары бойынша қозғалыс қарқындылығын есептедік Берілген КЖТ жол-көлік оқиғаларының санын азайту бойынша қажетті шаралар жасалынды. Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жүргізушілердің жұмыс және демалыс тәртіптері көрсетіліп жол қозғалыс апаттарына әсер ету қасиеттері бөлгіленді. Осы тәртіптерді сақтау ережелері жүргіншілердің өміріне және денсаулығына зиян келтіруден сақтау іс-шаралар жасалынды. Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде берілген жолдың транспорт құралдарының қозғалтқышынан шығатын пайдаланылған газдардың құрамында зиянды заттар қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуден сақтау іс-шаралар және талаптар көрсетілді. Экономикалық бөлімінде ұсынылып отырған іс-шараларды енгізуден алынатын экономикалық тиімділігі есептелген және олардың ақталу мерзімі анықталған. Бизнес-жоспарлау бөлімінде берілген жобаның бизнес жоспарлау бойынша қажетті талдау жасалынды.

АННОТАЦИЯ
________________
«Повышение безопасности дорожного дивижсния с применснием тсхнических средств регулирования на УДС в г. Шардара» - ЮКГУ им. М. Ауезова, Шымкент 2009 г., ___ стр., ____ рис.
В дипломном проекте разработаны рекомендации и мероприятия по улучшению безопасности дорожного движения по улице Колдасова г. Шардара. Па основе статистических данных произвсден анализ ДТП, произошедших на данной УДС за 2003-2007 годы. Произведены необходимыс мероприятия по расмсту пропускной способности дороги. С целью улучшения организации дорожного движения по улицс Колдасова рскомендовано рекоиструкция остановочных пункта, внедрение дорожных знаков и разметки. Рассмотрены вопросы экологии. Рассчитан экономический эффект от внедрения мероприятий по улучшению безопасности дорожным движением и определен срок ее окупаемости, а также по данному проекту были выполнены мероприятия по бизнес-планированию.