Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Философия

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. Христианшылық және антикалық философия. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рвдионалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндеп өмір тарихтың драмалылағы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.

Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген.
Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады.
Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады.

Орта ғасырдағы философия - адам рухының ерекше туындысы. Оның іргелі принципі - теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру. Оған: