Алтын Орда
Жоспар
Кіріспе 3
1 Алтын орданың мемлекеттік құрылымы. 5
2 Алтын Орданың этникалық құрамы. 10
3 Алтын Орданың коғамдық құрылысы. 12
Қорытынды. 15
Пайдаланылған әдебиеттер 17
Кіріспе
Кең-байтақ еліміздің тарихы әлі де толығымен зерттелмеген. Соңғы онжылдықтарда тарихшылар зерттеулерінің пәні Қазақстан аумағында мемлекеттіктің дамуы болды. Мемлекеттіктің пайда болуын осы аумақта қазақ хандығының немесе Монғол империясы мен монғол мемлекеттерінің тууымен байланыстыру тоқтатылды.
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шаатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1 Алтын орданың мемлекеттік құрылымы
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. 1227 жылы Жошының қайтыс болуы ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болған. Батый қолының Руське және Еділден батысқа қарайғы басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы Төменгі Еділде орналасқан ұлан – байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астана Сарай – Беркеге Еділ бойымен көшірілді.
2 Алтын Орданың этникалық құрамы
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.
3 Алтын Орданың коғамдық құрылысы
Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Қорытынды
XСонымен,ғсырларда өмір сүрген Алтын Орда мемлекеті заманының ірі және күшті елдерінің бірі болды. Алтын Орда мемлекеттік құрылымы жағынан бір орталыққа бағындырылған әскери – феодалдық мемлекет болды.Алтын Орда мемлекетінің құрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет құрылымын қайталады. Ордада Шыңғыс ханның заңдары негізгі құқық нормаларының рөлін атқарды.
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Чапай Мусин. Алматы, 2003.
2.К. Данияров «История Отечества», Алматы «Иль - Дан» 2000ж.
3.«Қазақ халқының философиясы», «Аударма» 2006ж.
4.М.Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. ІІ том». «Атамұра» баспасы, Алматы 1998ж.
5.Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
6.Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999
7.Ырыспайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы.- Алматы, 2000.
8.Қазақстан тарихы. Д.Бабаев. Алматы «Рауан» 1996.
9.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Қ.М.Байпақов, Б.Е.Көмеков, К.А.Пищулина. Алматы «Мектеп», 2001.
10.Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, Алматы, 1998.
11.Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Хамид Маданов. Алматы ҚМЭБИ 1995.