Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 46 стр.

Полный просмотр работы

Бағалы қағаздардың теориялық мәні, олардың жіктелуі және түрлері

Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Бағалы қағаздардың теориялық мәні, олардың жіктелуі және түрлері 5
1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері 5
1.2. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 10
2- бөлім. Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы бағалы қағаздар нарығы және оларды жетілдіру жолдары 32
2.1. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру механизмі 32
2.2. Бағалы қағаздар нарығының ел экономикасын дамытудағы ролі және жетілдіру жолдары 39
Қорытынды 43
Әдебиеттер 46

Кіріспе
Қазақстан Республикасының катаң түрде орталыктандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа мемлекет тарабынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі, елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының кұрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бүрын-соңцы болған емес.
Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жүмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табьшады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жүмыс күші, түрғын үй, жер, алтын және т.б ) етене байланысты.

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бүл әсіресе күрделі жүмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты. Осы себептер дипломдык жүмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Курстық жүмыстың максаты - бағалы кағаздар нарығын қаржы нарығының қүрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, оның жүзеге асыру тәртібін, және мемлекеттік реттеу жолдарын қарастыру.

1 бөлім. Бағалы қағаздардың теориялық мәні, олардың жіктелуі және түрлері
1.1. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері
Қазіргі нарықтык экономиканың қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндетгемелерінің кең түрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әржақтарын сипаттайды. Солардың екеу-үшеуін қарап өтейік:

Қарыз міндеттемесі белгілі бір мезгілге шығарылады. Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең. Қарыз міндеттемесінің қызмет мезгілі үш кезеңнен түрады:
шығару уақыты;
айналым мезгілі немесе алғашқы нарықта сату;
өтеу мезгілі немесе қолма-қол ақшаны қорға өткізу. Қарыз міндеттемесі
иемденушіге кіріс түсіреді.

1.2. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Акция - акционердің коғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік қүқын береді. Компания қанша уақыт жүмыс істеп түрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

Облигацияның рейтингі олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең келемде сүранысқа ие болатындары ғана бағаланады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылды деп аталады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, сыйақы (мүдде) оның номиналына байланысты есептеледі.

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні -несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген карыз міндеттемесі.

Депозиттік сертификат - ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі - оны ұсынушы адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан-қолға тез өтетін бағалы қағаз.

2- бөлім. Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы бағалы қағаздар нарығы және оларды жетілдіру жолдары
2.1. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру механизмі
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік қызмет және дилерлік қызмет брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушылардың функциялары:
1) ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкілетті органның нормативтік күқықтық актісінің талаптарына сәйкес өзге де қаржы қүралдарына инвестициялау туралы шешімдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешімдерді орындау мақсатында инвестициялық портфельді басқару және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;

Қорытынды
Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірак әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:

Орта мерзімді кезеңце қаржылық секторды дамыту мақсатында, бағалы қағаздар нарығын дамытуға кабілетгі мынадай түбегейлі шараларды жүзеге асыру қажет:
- мемлекеттік бағалы қағаздар қарызын басқару және шығару стратегиясын құру;
- мемлекеттік бағалы қағаздарда нақты табыстылық қисығын құру; айналым мерзімі ұзартылған мемлекеттік бағалы қағаздардыайналысқа біртіндеп енгізу;
- мемлекеттік бағалы қағаздардар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін пруденциялдық реттеуді халықаралық стандартқа сай жетілдіру;
- бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелді басқару жүйесін енгізу;
- өндірістік бағалы қағаздар нарығын дамыту;
- бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың тізімін көбейту, соның ішінде түрғындар есебінен;
- мемлекеттік бағалы қағаздарда жаңа және өтімді қаржылық қүралдарды енгізу (облигациялар, өндірістік бағалы қағаздар, инфрақүрылымдық, мемлекеттік кепілдендірілген борыштық бағалы қағаздар) және т.б.