Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.

Бұл кезеңде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі адам қолымен, қоғам ықпалымен қамқорлыққа алынумен бірге, тағылықпен қирату әрекетін де бастан өткізді. Атап айтқанда, 1864 жылдың 9 шілдесінде полковник Веревкиннің бұйрығымен ғимаратқа зеңбіректен он екі оқ атылды, оның бірі кесене қабырғасына тиіп, зақымдады. Массонның жазуына қарағанда, кесене қабырғаларының жарылғанды­ғын, оның құлаған жағдайда жанындағы әскери гарнизонды басып қалу қаупін желеу етіп, жергілікті әкімшілік Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзуға қаулы шығарып, сорақылық жасаған. Бірақ, бұл қаулы Түркістан генерал-губернато­рының араласуымен бұзылған.

Қазақстан археологтары мен сәулетшілері үлкен ғылыми ізденістердің нәтижесінде осы шеберхананың өндірістік базасын және жөндеуші шеберлердің тәжірибесін пайдалана отырып кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарына қажетті бояулар, шыңылтырлы кірпіштер дайындаудың жаңа технологиясын жасап, өндіріске енгізді.
1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейінгі уақытта жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Тарихи ескерткіштің республикалық мұражай мәртебесін алуы, онда кең көлемде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.