Криминалдық жағдай туындағандағы жәбірленушінің рөлі
Жоспар
1. Криминалдық жағдай туындағандағы жәбірленушінің рөлі 3
2. Қылмыстан жәбірленушіні жіктеу 10
Ұсынылатын әдебиеттер 14
1. Криминалдық жағдай туындағандағы жәбірленушінің рөлі
Сот тәжірибесі көптеген қылмыстардың құрбан мен қылмыскер ара¬сын¬дағы қарым-қатынастың нәтижесі екендігін айғақтап көрсетеді. Күнде¬лік¬ті өмірде адамдар бір-бірімен қоғамдық, тұрмыстық, жеке байланыстар мен қарым-қатынаста болады. Болашақ құрбан мен қылмыскерге тән қарым-қатынас кезкелген мүмкін болатын байланыстар мен қатынас негізінде бас¬талып, артынан шиеленісті оқиғаға айналып кетеді. Кез келген шиеленісті жағдайға тән ерекшелік, ол адамнан белгілі бір шешім қабылдауды; өзінің қылығын таңдай білу еркін талап етеді.
2. Қылмыстан жәбірленушіні жіктеу
Жоғарыда қарастырылған қылмыс құрбанының сапалық және сандық сипаттары ең болмағанда жәбірленушілерді жүйелендіру, жіктеу жүргізуге мүмкіндік туғызады. Виктимологиямен айналысатын бірқатар ғалымдар қылмыс құрбанын жіктеудің жолдарын көрсепкен болатын. Қылмыстан жәбірленгендерді жүйеге бөлу туралы қызықтырушылық тудыратын ұсыныстар Л. В. Франктің, Д. В. Ривманның, шетелдік мамандар Г. Хентиг, Г. Элленбергер, Б. Мендельсон, Г. Бауэр еңбектерінен орын алған.
Жәбірленушілерді жіктеуге құрбанның әлеуметтік, психологиялық және биофизикалық сипаттары, сондай-ақ оның зиян келтілушімен өзара қарым-қатынасы жалпы негіз болады. Жалпы алғанда, қылмыс құрбандарын төмендегідей жіктеу жолдарын ұсынуға болады.
1. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұны бойынша: