ҚР валюта жүйесінің экономикаға әсер етуші факторлары
Жоспар
1 Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы 3
1.1 Ақшаның металдық теориясы 3
1.2 Ақшаның номиалистік теориясы 4
1.3 Ақшаның сандық теориясы 7
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 10
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары 10
2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге 14
2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары 16
2.4 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары 17
3 Қазақстандағы карточка жүйесі 20
4 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі 21
5 Валюталық операциялар жөнінде түсінік 27
6 Валюталық операциялардың экономикалық негіздері 27
Қолданылған әдебиеттер 33
1 Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы
1.1 Ақшаның металдық теориясы
Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантелистер ( Т омас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік исипатта , себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күміс деп санады. Ақша ның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.
1.2 Ақшаның номиалистік теориясы
Меркантелистердің металлизмге қарсы іс әрекетінен ақшаның номиналистік теориясы пайда бболды. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айланыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі мынадай:
1.3 Ақшаның сандық теориясы
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналысының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-теңдікті белгіледі:
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары
Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.
2.4 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары
Өткен 2003 жыл Қазақстанның қаржы секторы үшін мерейтой жылы болды – 15 қарашада ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. 10 жыл ішінде Қазақстан қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған болып табылады. 2003 жылы барабар ақша-кредит саясатын жүргізу қаржы рыногында тұрақтылықты қамтамасыз етті , сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді.
5 Валюталық операциялар жөнінде түсінік
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / «Ақша айналысы және несие» – Алматы, Қазақ университеті, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: «Экономика» 2000ж.