Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 51 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫЯҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі 6
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері 13
1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары 18
2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ 22
2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау 22
2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау 28
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау 31
3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 36
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану 36
3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары 45
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарыңның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫЯҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі

Экономика дамуының құрылымдық өзгерістерін табысты іске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негізде өндірістік әлеуетті құрудың әлемдік нарықта бәсекелестік позицияны күшейтудің негізгі шарты жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Оңтүстік - Шығыс Азияда «жаңа индустриалды елдер» атты экономикалық феноменнің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылымды қажет ететін салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуінің арқасында мүмкін болды.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсіптік өндірістің дамуына инвестициялардың әсерін анықтау үшін, алдымен, «инвестициялар» категориясының әлеуметтік-экономикалық мәнін анықтап алу қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған, Қазақстандық экономика үшін біршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негізгі қорларды қайта өндіруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын «жалпы күрделі салымдар» түсінігі қолданылады.

анықтайтын көрсеткіштері

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегиялық инвестициялық саясат дейміз.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске асыру және сол іске асырудын механизмі.
Табыс алу мақсатында көлемді кұртымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәсіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өндірістің құрлымын жетілдіру,даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.
Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік жағдайды кешіру және нарықтық қатынастарға өтуде перспективаға инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамасысыз ету керек, жаңа шаруашылық механизіммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру және салымдардың ұтымды жолдарын қамтамассыз ету, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның нәтижелігін жоғарлату болып табылады.
Кәсіпорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:

1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары

Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде көптеген факторлар маңызды роль ойнайды. Соның ішінде ерекше орын алатын – инвестицияны мемлекеттік қолдау.
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндірмелі хаттар) инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар. Оның ажырамас бөлігі болып инвестициялық жобаның құнның анықтайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған ғимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өңдеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады - идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.

2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау

«Атамекен» АҚ-ның өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қарақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрін орындайды:

2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау

Нарық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнге ие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.
Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып сахналады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:
- ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
- маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
- қарапайым (жәй) және күрделі;
- тұрақты және уақытша;
Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.
Инвестициялық тартымдылықтың маңызды факторларының бірі – кәсіпорындағы қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық бағыт, оны ұйымдастыру мен басқару стратегиясы және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.

3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану

Қазақстан Республикасында экономикалық және саяси тәуелсіздігін алғаннан бері он бес жыл ішінде инвестициялық ахуал көптеген өзгерістерге ұшырады.
1991-1996 жылдарды республика экономикасының нарықтық қатынасқа көшу ретінде қарастыруға болады. Бұл жылдары мемлекеттің және шаруашылық субъектілердің инвестициялық іс-әрекетке деген қызығушылығының төмендеу тенденциясын байқауға болады.
Сол жылдары республикамыздағы инвестициялық іс-әрекеттер негізгі екі фактордың әсеріне ұшырады. Олар: қатаң бюджеттік шектеулер, яғни мемлекет тарапынан инвестицияға деген сұраныстың төмен болуы және қолайсыз инфляциялық ахуал. Осы уақыт ішінде күрделі салымдар көлемі 72,3% қысқарды. Бұл жағадай экономиканың құрылымдық қайта құру факторларының әлсіреуіне алып келеді.
Инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне инфляция деңгейінің қарқынды өсуі, ауыр қаржылық жағдаймен қатар өнеркәсіптің тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз етуге қиындықтар да қатты әсер етеді.

3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жұмыста кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселесін қарастырдық. Бірінші тарауда өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі, инвестициялық қызметті бағалау көрсеткіштері, сондай-ақ инвестициялық жобаларды ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерделедік.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған, Қазақстандық экономика үшін біршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негізгі қорларды қайта өндіруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын «жалпы күрделі салымдар» түсінігі қолданылады.
Инвестициялық іс-әрекет еліміздің экономикасын дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Сондықтан да инвестициялық іс-әрекетті жандандыру әрдайым өзекті мәселелердің бірі болып табылады
Екінші тарауда «Атамекен» АҚ-ның инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау және кәсіпорынның қаржы экономикалық тұрақтылығына талдау жасалған. Инвестициялық тартымдылығын бағалау мәселесі қарастырылып, экономикалық қызметіне талдау жүргізілген. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін, жұмыс нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Осы тарауда «Атамекен» АҚ-ның мәліметтерінен кәсіпорынның ұйымдық құрылымына, техника-экономикалық қызметіне, капиталдың құрамы мен құрылымына, инвестициялық қызметіне, операциялық қызметіне, қаржылық қызметіне, жобаның тиімділігінің негізгі көрсеткішіне кестелер сызылып талдау есебі жүргізілген.
Үшінші тарауда техниканы жетелеу жөнінде ұсыныстар берілген. Осылайша, Біздің өмір сүріп жатан кезіміз – алға жылжу өзгерістер енгізу уақыты деп білеміз.