Диалектика теориясының мәселелері
Диалектиканың тарихи типтері. Көне Үнді және Көне Қытай философиясындағы диалектика. Көне Грек философиясындағы диалектиканың формалары. Классикалық неміс философиясы мен марксизмдегі диалектика. XX ғ. диалектиканың негізгі варианттары. Диалектика теориясы бойынша қазіргі кездегі зерттеулер. Диалектиканың механикалық және органикалық модельдерін сынау. Гармоникалық диалектиканың моделі (Г.Батищев). Диалектика және диалогика В.С.Библер).
Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым – қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз – мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс.
Гераклит мәңгілік және өткіншілік, құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама – қарсылықтарды атап көрсеткен.
Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген.
Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.
Қайшылық – даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз – қарама – қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.