Индекстер
Жоспар
1 Экономикалық индекстер. Индекстердің түсінігі 3
2 Құрамдас индекстер 4
3 Орташа индекстер 5
5 Құрылымдық өзгерулердің индекстері 7
6 Территориалды индекстер 8
Әдебиеттер 9
1 Экономикалық индекстер. Индекстердің түсінігі
Статистикада экономикалық индекс түсінігі, уақыт, кеңістікте немесе жоспармен салыстыру бойынша экономикалық құбылыстың өзгеруін көрсететін салыстырмалы мөлшерді айтады. Осыған байланысты динамикалық, территориалды және жоспарды орындау бойынша индекстерді ажыратады.
Көптеген қоғамдық құбылыстар сәйкес келмейтін құбылыстардан тұрады, сондықтан негізгі сұрақ – салыстырылатын құбылыстардың сәйкестендір ілуінің сұрағы.
Индекстер қандай да болмасын экономикалық құбылыс болып танылғанымен, оларды есептеп шығару үшін, әртүрлі уақыт аралығына немесе жоспарлы тапсырмаға, әртүрлі территорияларға жататын көптеген деңгейлерді салыстыру қажет. Осыған байланысты базистік кезең (база есебінде алынады, яғни салыстыру жүргізілетін кезең) және ағымдық (есеп беріп отырған) кезең – салыстыруға жататын шамалары қолданылады.. Есептеу барысында салыстыру базасы болып саналатын кезеңді дұрыс таңдау маңызды болып табылады.
2 Құрамдас индекстер
Күрделі экономикалық құбылыстар үшін есептелетін құрамдас индекстер, басқаларынан олардың элементтерінің құраушылары біркелкі болмайтындығымен және бір бірімен өлшене алмайтындығымен ерекшеленеді. Сондықтан бұл элементтердің жай сомаларының салыстырылуы мүмкін болмайды.
Салыстыру әртүрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін:
3 Орташа индекстер
Индекстің агрегатты нысаны - ең маңыздысы болып саналғанымен, ол жалғыз емес. Көп жағдайларда практикалық есептеулерде орташа индекстер қолданылады. Мұндай жағдай, мысалы, баға индексінде ағымдағы кезеңде сатып алынған өнімді базистік бағамен есептеу оңайға соқтайтындығымен байланысты. Ал тәжрбиеде бағаның жеке индекстері тұрақты құрастырылып отырады
Бағаның агрегатты индексі орташа гармониялық баға индексіне қатынасына тең болады. Орташа гармониялық деп атайтын себебі, оның үйлесімі өлшенген гармониялық ортаға сәйкес келеді. Бұл индекс агрегатты форманы қолдануға керекті мәліметтер болмағандықтан осы индекс алынады.
5 Құрылымдық өзгерулердің индекстері
Пааше индексі, Ласпейрес және Фишердің «тамаша ( идеальный) индексі».
6 Территориалды индекстер
Статистикада кеңістіктегі экономикалық құбылыстардың деңгейлерін салыстыру мүмкіншілігі бар. Мәндерді есептеу үшін территориалды индекстер қолданылады. Оларды есептеп шығару үшін өнімнің барлық түрлерінің сәйкес көрсеткіштері аумақ бойынша өндірілген өнімнің санына көбейтіледі.