Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I –тарау. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және жалпы сипаттамасы 15
1.1 Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері 15
1.2 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері 40
1.3 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оның құрамы 46
II - тарау. Экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері 62
2.1 Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеу 62
2.2 Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері 71
ҚОРЫТЫНДЫ 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 88
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХI ғасырдағы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі – технология жетістіктерін пайдалануға қол жеткізу болса, бұл бір жағынан адамзат баласының алдындағы көптеген күрделі мәселелердің шешілуіне, ғылым мен техниканың дамуы барысында үлкен бетбұрыс алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан ол өзінің кері әсерін де тигізіп отыр.
Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады. Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының айғағы.
I –тарау. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және жалпы сипаттамасы
1.1 Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері
Экологиялық зиян ұғымын белгілеу, оның жалпы сипаты мен ерекшеліктерін айқындау проблемасы бүгінгі таңда әлеуметтік және құқықтық зор мағынаға ие болып отыр. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ол қоршаған ортаның ауыр күйімен байланысты. Соңғы кездері қоғамдық экологиялық қатынастарға қол сұғудың әлеуметтік заңдылығының елеулі түрде өзгергені күмән тудырмайды, қайта ол келтіретін зиянның сипаты күрделене түсіп, іс жүзінде әр қырынан танылып отыр. Кей жағдайларда оның жағымсыз салдары ұзақ уақыттан кейін және мүлдем өзге аумақта пайда болуы ықтимал. Бұл оның шекарамен теңдесетін табиғатын танытады.
1.2 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің IX бөліміндегі 46 тарауында «Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу» деп аталады. Шын мәнінде экологиялық жауапкершілікке Қазақстан Республикасының табиғатын және оның құрамдас бөлігі болып табылатын табиғи ресурстар туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктер жатады.
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің бастамасы экологиялық заңдардың талабын бұзушылық болып саналады.[22]
Экологиялық заңдарын бұзу-белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі.
1.3 Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оның құрамы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде және басқа экологиялық заңдарында материалдық жауапкершілік туралы нормалар жоқ. Бұл заңда мүліктік, азаматтық құқық және табиғатқа және адамдардың денсаулығына келтірілген зиян жөнінде нормалар бар.
2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданған ҚР Экологиялық кодексінің 320 бабында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Ал осы заңның 322 бабында экологиялық заңнаманы бұзудан келтірілген зиянды өтеу тәртібі көрсетілген.
Материалдық жауапкершілік ҚР еңбек заңының нормаларына сәйкес еңбек шарты талаптарының материалдық жауапкершілігі белгіленген (14 тарауы). Оның өзінде де ЕТЗ 164 бапта жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтірген тарап оны заңға және өзге де заң актілеріне сәйкес сот шешімі негізінде не ерікті түрде өтейді деп көрсеткен. Еңбек шартында оған қатысушы тараптардың материалдық жауапкершілігі нақтыланады.
II - тарау. Экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері
2.1 Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеу
Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан проф. В.П.Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: «құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді».[33]
2.2 Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері
Дамыған елдерде экологиялық сақтандыру – экологиялық зиянды өтеудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Оның басты мақсаты – төлем қабілеті жоқ борышкерге талап қойып отырған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету.
Экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесінде қоршаған ортаны ластағаны және азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілікті сақтандыру әлеуметтік-экономикалық, өтем және привинтивтік міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.
Экологиялық сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық міндеті оның қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизімінің ажырамас элементі, азаматтардың қоршаған қолайлы ортаға және денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің кепілі болып табылатынында.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысын жасаймыз.
Жұмыс экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік деген тақырыпта жазылған. Бұл мәселенің мәнін ашуда көптеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды. Сонымен қатар зерттеудің негізіне қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікке байланысты халықаралық келісімдер мен конвенциялар, Қазақстан Республикасының заңдары мен заң асты актілері, мемлекеттік бағдарламалар, салыстырмалы түрде кейбір шет мемлекеттердің нормативтік актілері кірді.
Жасалған талдау жұмысының негізінде мынандай нәтижелер алынды:
Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі экологиялық қалдықтармен ең көп ластанған аумақ болып табылады. Дәл бүгіннің өзінде анықталған деректердің өзі адамзаттың өмір сүруін тоқтауға таяған ахуалды көрсетеді.