Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Көрем әдебиеттегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ БАСҚА ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 9
1.1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚА ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 9
1.2 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ БЕЛГІЛЕРІ 18
1.3 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 20
2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ РОЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ 30
2.1 АУДАРМА ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 30
2.2 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 48
2.3 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ
ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 52
2.4 Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛЕКСИКА-
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСІМДІЛІКТЕРДІҢ СИПАТЫ 58
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64

КІРІСПЕ
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.

1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ БАСҚА ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

1.1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚА ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Фразеологизм – тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Фразеологизмдер – жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін артгыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында қорланып, қолдануға дайын тұратын, қалыптасқан сөз тіркестері. Фразеологизмдер – тіл қазынасының байырғы да құнарлы қабатына, көркем сөз қорының сүбелі саласына жататын сыры мол, мазмұны терең, қолданыс аясы кең құбылыс.

1.2 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ БЕЛГІЛЕРІ
Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі болатыны көрсетіліп жүр: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және қолданылу тиянақтылығы. Бұл белгілердің қатарында фразеологизмдердің бейнелілігі көрсетілмеген. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып табылады. Сөйтіп, фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі-қасиетімен ерекшеленеді:

1.3 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Сөйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем әлденеше сөзден тұрады. Жеке сөздің сөйлемге айналуы сирек. Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен сөйлем аралығында тағы бір топ бар, ол – сөз тіркестері. Сөз тіркесі дегеніміз – екі не бірнеше сөздерден құралған грамматакалық бірлігі бекем топ. Сөз тіркестері еркін және тұрақты боп екіге бөлінеді. Еркін тіркестер жұмыс барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі әбден мүмкін. Мұндағы сөздер қайтып ажырамастай қалыпта емес, керегі болса алмастырылып, орын ауыстырыла береді. Ал еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Бұларды біз фразеологизмдер деп атаймыз.

2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ РОЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ

2.1 АУДАРМА ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер бетінде ежелден өмір сүріп келе жатқан халықтардың көбі осыдан жарты ғасыр бұрын бір-бірінің дүниеде бар екені жайлы да бейхабар болатын. Бірақ дүниені дүрліктірген ұлы оқиғалар бұйығып жатқан елдердің өміріне орасан өзгерістер өкелді. Ғылымның, техниканың дамуына байланысты халықтар арасындағы кеңістіктер жақындасып, қашықтықгар қысқарды. Енді адамдар өз үйінен алысқа ұзамай-ақ бір-бірін біле бастады. Осының нәтижесінде ортақ мүдде, бірегей мақсат, бірегей сөздер пайда болды. Бірақ адамдар тілінің әр түрлілігі бұрынғы қалпынша қала берді де, халықтар достығының дәнекері ретінде аударма өнері жандана бастады.
Аударма араласпайтын, аударма қатыспайтын мәдени өмірдің бірде-бір саласы жоқ.

2.2 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Фразеологизмдер, жалпы тілдердегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблеманың бірі. Аударма тәжірибесінде фразеологизмдерді екінші тілге берудің неше түрлі қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді. Өйткені әр тілдегі фразеологазмдердің мағыналық және сталистикалық қызметі алуан-алуан болады. Оның құрамына кірген сөздердің байланысы да әр тілде әрқилы. Міне, осыларды аудару кезінде әр тілдің өзіне ғана тән сөздердің тіркесу ерекшелігі көрінеді.

2.3 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ
ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Фразеологиялық единицалардың көркем әдебиетте қолданылу сапасын тұрақгы сөз тіркестерінің әр түрінің өз қасиеттерінен бөліп қарауға болмайды.
Жалпы сөз өзара қатынас құралы есебінде негізінен екі түрлі қызмет атқарады: номинативті (сөздің атаулы қасиеті) және коммуникативті функцияда жұмсалады. Яғни сөздер, сөз тіркестері атаулы күйде және қатынас құралы есебінде жұмсалады.

2.4 Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛЕКСИКА-
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСІМДІЛІКТЕРДІҢ СИПАТЫ
Сөз заттың, құбылыстың, қимыл-қозғалыстың атауы қызметінде белгілі бір мағыналық сипатқа ие болады. Ал сөздер арқылы белгіленетін зат, құбылыс, сапа, белгі, қимыл атаулары арасында өзара түрлі байланыс пен қарым-қатынас жүзеге асады. Бұл тілдің белгілі бір тарихи кезеңінде сөз мағынасының дамуына, өзгеруіне әсер етеді. Тілдің құрылымдық жүйесінде басқа сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп, байланысу негізінде сөз мағынасы сол сөз арқылы берілетін ұғыммен ғана анықталмайды. Сонымен қатар сол сөздің грамматикалық категориясы, сөз таптары жүйесіндегі орны, оның басқа сөздермен нақты лексикалық байланысы, синонимдерімен қарым-қатынасы да сөздің мағыналық реңкін анықтауға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.