Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ АҚЫНДЫҚ ІЗДЕНУ ЖӘНЕ ӨСУ ЖОЛДАРЫ 10
1.1 АҚЫННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ 10
1.2 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ ЛИРИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ 17
2 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ МЕМУАРИСТ-ЖАЗУШЫ 23
2.1 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕСТЕЛІК-ЭССЕ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 23
2.2 «ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР – ӘДЕБИЕТТІҢ БАЙ ҚАЗЫНАСЫ» 34
3 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕР 43
3.1 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ – ОЙШЫЛ, СЫРШЫЛ АҚЫН 43
3.2 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ 52
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері»
Зерттеу тақырыбыныңөзектілігі. Еліміз өз тәуелсіздігін алған қазіргі уақытта, әлемдік жаһандану, жаңару кезеңінде қоғам дамуының бүгінгі жай-күйі жастарға білім мен тәрбие беру ісінің алдына күрделі міндеттер қояды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңыңда «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» – деп көрсетілген. Демек, ұлттық және адамзаттық құндылықтар қазынасы болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың педагогикалық мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану қажеттігі белгіленген.
1 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ АҚЫНДЫҚ ІЗДЕНУ ЖӘНЕ ӨСУ ЖОЛДАРЫ
1.1 АҚЫННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ
Әбділда 1909 жылы ақпан айында туған. Туған жері Қызылорда (Ақмешіт) қаласы. Әкесі Тәжібай Қарымсақов жастай жетім қалып, көп өмірін жалшылықта өткізген. Қала байының қора сыпырушысы болады. Одан кейін Шевков деген орыс учителінің ат айдаушысы болып қызмет етеді. Осы учитель Тәжібайға орысша хат танытады. Сол азын-аулақ хат шолу білу себебінен Тәжібай кейін қала байларына жалдама қызмет істейтін приказчик болады. Әбділданың алғашқы жас балалық шағы қалада, ата-ана бауырында өткенмен, алты жасында әкесі өліп, жетім қалады. Ендігі тәрбиесі анасы Айманкүлдің қарамағында болады. Күнделікті еңбекпен тіршілік етіп отырған Тәжібай өлген соң Айманкүл жас баласымен мұқтаждық, жоқшылық күйге түседі, [1].
1.2 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ ЛИРИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Әдебиет салаларының терезелері тең. Айырмашылық олардың жанрлық ерекшеліктеріндң ғана. Өмірлік материалдырдың характеріне орай жазушы әдебиеттің жанрларын таңдайды. Кейбір материал прозалық не драмалық түрде беруді қажет етсе, енді бір материалдар тек поэзия үлгісінде ғана берсе ұтымды. Тіпті поэзия дегеннің өзі де кең ұғым. Ақын осының өзін тағы екшейді; лирикалық жоспарда берген ұтымды ма, жоқ, эпикалық жоспарда жазған дұрыс па? Ал, тіпті лирикалық жоспарда беру ұтымды санаған күнде де ақын оны объективтік шындық үлгісінде ме, жоқ, лирикалық геройдың «мені» арқылы беруді ұтымды санай ма?
Өмірлік материалдың характерімен бірге жазушы талантының қыры да үлкен роль атқарады. Жазушы таланты қай жағына икемді, әлгі айтқан өмірлік материалды ол соған орай сұрыптайды, тыңдайды.
2 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ МЕМУАРИСТ-ЖАЗУШЫ
2.1 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕСТЕЛІК-ЭССЕ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Естелік-эссе жанрының пайда болуы мен дамуының тарихына көңіл бөлгенде, жанрдың қоғамдық сұранысын еске алмауға болмайды. Эссе қандай болмасын әдеби дәуірге тән, бірақ оған айрықша тарихи жағдай әсер етеді. Шетел әдебиетінде естелік-эссе жанры өз бетінше қалыптасқан жанр ретінде қарастырылған. Оның әдеби-сын, деректі философиялық, әдеби-өмірбаяндық проза ретінде орны айқындалған. Сонымен, Европа және көне шығыс әдебиетінде естелік-эссе үлкен де, бай тарихы бар жанр ретінде қалыптасып зерттелінген, [12].
2.2 «ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР – ӘДЕБИЕТТІҢ БАЙ ҚАЗЫНАСЫ»
Әр жанрдың өз ерекшелігі мен өзіндік табиғаты бар әдетте бір жанрға қойылған талапты екінші жанрдың табиғаты көтере алмайды. Лирикалық өлең мен эпикалық шығармаға бір мұнарадан қарауға дұрыс болмас еді. Сол сияқты әңгіме, повесть, романдар да өз ерекшелігімен танысуды тілейді. Мемуарлық шығармаларды сөз еткенде, ең алдымен, жанр табиғаты еске алынады. Сол себепті бұл жанрдың өзіндік ерекшелігімен бірге, әр жазушының стильдік ерекшелігін де тануға болады.
3 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕР
3.1 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ – ОЙШЫЛ, СЫРШЫЛ АҚЫН
Табиғатынан ақын болып жаратылған қазақ халқы небір бұлбұл әншілерді, апталап, айлап айтса жағы талмаған ғажайып жыршыларды, жырауларды, дәулескер күйшілерді тудырған. Осы бір ақынгерлік өнер заман асқан сайын жарасымды жалғасын тауып, дәуірден дәуірге жалғасып, тотыдайын таранып, қырандайын түлеп, өзге мән-мағына, мазмұнға ие болып, әлемдік жырға жаңаша өз өрнегін салды. Сол байтақ жыр бағының бел ортасынан нәзік сыршыл әрі ойшыл лирик, әрі тәкаппар, эпик, төңірегіне мәуесін жайған бәйтерек, қазақ ақыны Әбділда Тәжібаевты көреміз.
3.2 ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында өскелең ұрпаққа туған халқымыздың салт-дәстүрі және жалпы азаматтық құндылықтар мен идеялар үлгісінде тәрбие беру міндеттеледі. Сондыұтан, қазіргі кезде жастарымызды ұлттық рухта тәрбиелеуге негіз болатын тұлғалардың өмірбаяны мен шығармашылығы кеңінеңзеттеліп, оқу-тәрбие үдерісінде қолданылуы маңызды. Тарихи-педагогикалық зерттеулер осы міндетті шешуде басты рөл атқарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі көп жанрлы қазақ әдебиетінің өкілдерінің бірі, бүгінгі қазақ ақындары мен драматургтерінің алдыңғы қатарындағы атақты да дарындыларының бірі - Әбділда Тәжібаев. Оның барлық салада, әсіресе поэзияда көп қырлы талантының толысып, әдебиет болашағын алғаш аттаған балаң жас кезін алсақ, талпыныса қатар ұшқан қыран балапанының қанат қағысы тәрізді, қазақ әдебиетінің көгінде көз тартқаны белгілі. Сондай-ақ оқушы жұртшылық екі жас ақынның таланттынан, келешегінен ерекше үміт еткендей еді, [26].