Шет елдердің конституциясы
Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі нақтыконституция немесе материалдық мағынада конституция деп аталады.
Қазіргі әрекет етуші конституция жеке өзіне тән белгілерге ие. Оларда әкімшілік, ұлттық, саяси, тарихи, діни және өзге де сәйкес мемлекеттердін ерекшеліктері көрініс табады. Сол сәтте конституцияға кейбір міндетті элементтері тән:
Конституциялармен реттелетін сұрақтар шеңбері әр алуан. Бірақта белгілі жақындау денгейі мен жалпы заңдылыққа шығуға болады, әдетте ескі конституциялар жалпыланған сипатта болады. Бұған мысал ретінде болып, өзінде тек Одақ және штат арасындағы құзыретті бөлу және орталық мемлекеттік билікті ұйымдастырудын жалпы қағидаларын мазмұндайтын АҚШ конституциясы табылады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі қабылданған конституциялар тәртіпті түрде бөлшектеніп өнделген.