Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары 6
1.1 Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар 10
1.2 Радиацияның ағзаға түсу жолдары және әсері мен жолдары 10
1.3 Радонның түрлі көздерінің сәулелену қуаты. 12
1.4 Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы 14
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер 19

Кіріспе
Радиоактивтілік – адам өміріндегі маңызды орын алатын үлкен ғылым жаңалығы болып табылады. Ал бұл құбылыстың ғылымдағы маңызды қаншалықты зор болса, оның ағзаға, табиғат пен қоршаған ортаға, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне келтіретін зиянының да бар екенін ұмытпау керек.
Немістің атақты оқымыстысы Вильям Конрад Рентген физика институтының және Вюрцбург Университетінің физика кафедрасын басқарып жүрген кезінде өте тамаша жаңалықтың иесі болды. Ол бұл кезде елу жаста болатын. Оның тәжірибе жүргізетін зертханасы өзі тұрған бөлменің төменгі қабатына орналасқан болатын. 1895 жылдың 8-қарашасында тәжірибе ұзаққа созылып, әдеттегіден кеш аяқталды.

1 Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары
Радиацияны – радиоактивті заттар немесе арнайы құрастырылған құрылғылық тұрғызады. Ал, радиацияның өзі, ағзаға әсер ете отырып, онда радиоактивті заттарды өндірмейді және оны радиацияның жаңа көзіне айналдырмайды. Осылайша, адам рентгендік флюорографиялық тексерілуден кейін радиоактивті болмайды.

1.1 Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар
XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында радиациядан қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (МКРЗ) құрылған болатын. 50-жылдардың басынан бастап әлемдік қауымдастық иондаушы сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсері мәселесіне көңіл бөле бастады. Бұл Хиросима мен Нагасакидегі бомбалау, сонымен қатар ядролық қаруды сынаудың радиоактивті материалдардың бүкіл жер шарына таралуына әкеліп соғуына байланысты еді.

1.2 Радиацияның ағзаға түсу жолдары және әсері мен жолдары
Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді. Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы, сонымен қатар медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.

1.3 Радонның түрлі көздерінің сәулелену қуаты
Радиоактивтіліктің екі түрі бар:
1) табиғи; 2) техногенді.
Табиғи радиоактивтілік миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және ол барлық жерде кездеседі. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейінгі кезеңде және тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болатын. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында болған.

Қорытынды
Дұрыс экологиялық сананың экономикалық қажеттіліктердің ықпалына түспеуі адам мен табиғат арасындағы гармониялық, жер шарындағы өркениеттің стратегиялық бағыты болып табылады.
Бұл проблеманың өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар және олар табиғатты қорғаудың жекелеген басқа міндеттерінен мүлдем өзгеше. Біріншіден, ол тұңғыш рет осыдан тек 30 жұрын туды.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Темірбеков Ж. «Радиацияның адам ағзасына әсері» «Ақиқат» - 2002 - № 12.
2. Гриходько Н. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 1999ж.
3. Сагимбаев Г.К. «Экология и экономика» «Радиационная обстановка в Казакстане» Алматы 1997ж «Қаржы – қаражат».
4. Радиоактивное згрязнение «экология и устойчивое развитие» Алматы 2002 ж. LEM.