Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қалалық телефон желісінің жұмысын автоматтандыру


Мазмұны
Кіріспе 3
І ТАРАУ. Теориялық бөлім 5
1.1 Тауарларды бағалау жайлы жалпы түсінік 5
1.1.1 Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың талдаудың сипаттамасы 9
1.1.2 Салаға қатысты қолданылатын заңдар 11
1.1.3 Ақпараттық өнімнің өтуін басқару қызметін жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар 11
1.2 ЖШС «Атамекеннің» өнімнің өту жағдайын талдаудың 13
1.3 АЖ-ге қойылатын талаптар 14
1.3.1 АЖ- ге қойылатын талаптар 15
1.3.2 АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар 16
1.4 Концептуалдық сызба нұсқасы 19
2–ТАРАУ. Негізгі бөлім 22
2.1 «Атамекен» ЖШС өнімінің өту процесін талдау 22
2.2 Кіріс ақпараты 25
2.3 Шығыс ақпараты 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Қазіргі экономикалық жағдайға сай кез келген ұйымның (өндірістік ұйым, сауда ұйымдары болсын) ең негізгі мақсаттарының бірі - барынша максималды түрде пайда табу. Пайда табудың негізі саудада жатқандығын біз бәріміз білеміз. Сауда - бұл объектісі, қызмет ету өрісі тауар айналым, тауарды сатып алу-сату, жеткізу, сатуға өнімді дайындау процесінен және осы процестің басында тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылатын экономикалық орта. Бірақ олардың бәрі үшін ең басты көңіл аударатын жай - өзі өндіріп, сататын өнімдері (тауарлары) қоғамның сұранысына жауап беріп, тұтынушыларды жоғары сапалы тауармен қамтамасыз ету.
Тауарларды сатумен тек көтерме бөлшек және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары ғана айналысады.
Көтерме сауда - тауарларды ірі партиямен өте көп мөлшерде бөлшек сауда ұйымдарына сату болып табылады. Бұл ұсақ көтерме саудамен айналысатын делдал ұйымдар арқылы көтерме бағадан төмен құнымен сатуға шегерім берген құнымен сату арқылы жүзеге асырылады.
Бөлшек сауда - бұл соңғы тұтынушылардың жекеше қажеттілігіне сай аз мөлшерде тауарларды сату. Бөлшек сауда бойынша операцияларды жүзеге асыру делдал саудамен айналысатын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Курстық жұмысымның тақырыбы – ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу.
Курстық жұмысымның мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өнімдерінің өту жағдайының мәнін ашып көрсету, біздің еліміздің қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• ЖШС «Атамекен» өнімдерінің өту жағдайының ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• ЖШС «Атамекеннің» ақпараттық өнімінің өтуін басқарудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымның құрылымы
Жалпы курстық жұмыс үш тарау- кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған. Бұл бөлімде кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.

І ТАРАУ. Теориялық бөлім

1.1 Тауарларды бағалау жайлы жалпы түсінік

Тауарларды бағалау дегеніміз - тауарларды кірістеу және шығыс ету үшін есеп құнын таңдау. Бұған сатып алу құны мен сату құны жатады. Тауарлардың есеп құны ұйымның есеп саясатында белгіленеді және біртипті тауарларға қатысты ерекшеленген болуы керек. Сатып алу құнына келесідей шығындар кіреді: сатып алу құнын, баж салығының сомаларын, аралық қызмет көрсетуші ұйымдарға комиссиондық сыйақылар төлеу шығындары, тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алумен тікелей байланысты көліктік тасымалдау және басқадай шығындар. Тауарлы шегерімдер, артық төлемдерді қайтару және басқадай ұқсас түзетулер сатып алуға кететін шығындарды анықтай алмаған кезде шегеріледі [12].

1.1.1 Ақпараттық өнімнің өтуін басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың талдаудың сипаттамасы

Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорыным «Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Атамекен» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар қаласында 1992 жылы мамыр айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде жүзеге асырады [15].
«Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орта бизнестің субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы, жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны айлық есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.

1.1.3 Ақпараттық өнімнің өтуін басқару қызметін жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар

Кәсіпорын қызметтерін жүзеге асырушы экономиканың әр түрлі секторында қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік ұйымдар болып табылады.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі. Сатып алынған тауарларға аудит жүргізудің ақпараттық көзі «Атамекен» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде маркетинг бөлімі қызмет етеді. Маркетингтік бөлімге барлық маркетингтік зерттеулер, жарнама, өткізу, жабдықтау, жаңа тауарлар түрлерін ойлап табу жұмыстары жүреді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – минералды сусын өндіру болғандықтан пайдалылық құрамын арттыру, қорап өндіру сияқты мәселеге ерекше көңіл бөледі.

1.2 ЖШС «Атамекеннің» өнімнің өту жағдайын талдаудың

АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС «Атамекеннің» өнімнің өту жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың негізгі мақсаты - клиенттің әрбір бөлімшесі бойынша қаржылық ақпаратты беру мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар болып табылады:

1.3 АЖ-ге қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.

1.3.1 АЖ- ге қойылатын талаптар

АЖ құрылымы - жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың салыстырмалы орнықты реті.

1.3.2 АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.[4]
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.

1.4 Концептуалдық сызба нұсқасы

Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок - схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
ЖШС «Атамекеннің» өнімнің өту жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол 2 бөлімнен тұрады: жабдықтау бөлімі және функционалды бөлім.

2–ТАРАУ. Негізгі бөлім

2.1 «Атамекен» ЖШС өнімінің өту процесін талдау

Кәсіпорынның өнімнің өту жағдайын және оның динамикасын талдауы кәсіпорынның болашағына қажетті әсер етеді. Бухгалтерлік есеп балансы, ол бір жағынан объективті талдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - аналитикалық есепті жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты шот түріндегі агрегаттандырылған баланс түрін көрсетейік.

2.3 Шығыс ақпараты

Шығыс ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат. Шығыс мәліметтерінің тізімі кестеде көрсетілген.

Қорытынды

Кез - келген ұйымның мақсаты максималды түрде пайда табу болып табылады. Ал сауда ұйымдарының негізгі табыстылығы өнімді, тауарларды сатудан, өткізуден түседі. Енді міне мен «Атамекен» ЖШС- нің қызметін сипаттай қорыта айтсам, ол - қоғам бірінші кезекте қажет ететін тауарларды сатып алады да, нарықта өткізеді. «Атамекен» ЖШС- гі тауарларды біздің отандық өндірушілермен қатар шетелден де алады. Оның шетелмен үнемі болатын шаруашылық операцияларының негізінде отандық жабдықтаушылармен болатын операцияларға қарағанда біраз ерекшеліктері пайда болады. Ол негізінен шетел тауарын Қазақстан Республикасына өткізгендегі операциялардан туындайды. Өйткені мұндай жағдайда кедендік баж салығы сияқты төлемдер төленеді де, ол тікелей өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді.