Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 35 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қола дәуіріндегі Орта Азия


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде 5
1.1 Кезеңдеу және дәуірлеудің мәселелері 5
1.2 Дәуірдің ерекшеліктері 7
1.3 Қола алу тәсілдері 11
2 Қола дәуіріндегі Орта Азия 13
2.1 Алтын - депе 13
3 Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібі 27
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Орта Азия – егіншілік - малшылық қоланың маңызды бөлігі болып саналады. Оның оңтүстік аудандарында джейтун ерте егіншілік мәдениетінің, метал жайылуының және шаруашылықтың жаңа элементтерінің негізінде анау мәдениеті дамыған. Түрікмендегі Анау ауылының жанындағы екі дөңбешік пен Намазға-тепе, Яланчаг және Дашлиджи дөңбешіктердің зерттеуі өте маңызды болды. Қазбалар бұл жақсы дамыған көне егіншілік мәдениетінің ескерткіштері, джейтун мәдениетінен кеш шыққан екенін көрсетті. Әр төбешік саздан соғылған үйлер және олардың орнына жаңа үйлерді салған нәтижесінде қалыптасқан бірқатар бірінің сонынан бірі орналасқан қабаттар тұрады. Намазға-тепе қонысының көлемі - 100 га. Анау мен Намазға қазбалары бұл аудандағы энеолит және қола қабаттарының стратиграфиясын құрастыруға көмектесті. Анауда 5 хронологиялық қабат анықталды, оның ішінде Анау ІА, Б және Анау ІІ энеолитке қатысып б.з.б. V-ІІІ мыңжылдықтың бірінші бөлігіне жатады. Оңтүстік Түрікмен комплекстері б.з.б. VІ-V мыңжылдықта бірінші метал заттары пайда болған көршілес Ирандағы Сиалк және Гиссар ескерткіштерінің стратиграфиясымен сәйкестенеді. Қоныстардың таулардан алыс орналасқаны егіншілікте канал, су білімдерін анықтайды.
Бұл дәуірдің ерекшелігі – қола заттарының болуы: жалпақ балталар, біздер, айналар, әртүрлі саздан жасалған ыдыстар, оның ішінде қыш-құмыралар. Ыдыстағы өрнектерде геометриялық суреттерден басқа жануарлардың стильденген байнелері пайдаланған: текелердің, жүгіріп келе жатқан иттердің, ұшып келе жатқан құстардың, балықтардың, адамдардың.
Бұл зерттеудің мақсаты – Орта Азиядағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:
- қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
- қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
- Алтын-депе қонысын зерттеу;
- Хорезм, Сапали, Тазабагьяг, Суярган мәдениеттерін зерттеу;
- Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібін талдау.
Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім (3), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрамы анықталады.
Негізгі бөлім үш бөлімшеден құралады.
Қорытындыда жасалған зерттеудің түйіні жазылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында пайдаланған деректердің тізімі беріледі.

1 Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде
1.1 Кезеңдеу және дәуірлеудің мәселелері
Б.з.б. III мыңжылдықтың соңы мен I мыңжылдықтың бас кезінде әр жерді мекендеген тайпалар үшін үлкен өзгерістер болды. Адамдар өміріне қажетті құрал-саймандарын ағаштан, тастан емес, мыстан жасауды үйренді. Кейінірек қоладан да жасады. Себебі, мыс жұмсақ болды. Ол қатты затты шаққанда, соққанда майысып кетін еді. Мысты қатты ету үшін оған мысты қорытып қоса бастады. Мыс пен қалайынық, қосындысынан қатты металл - қола пайда болды. Осының нәтижесінде тас дәуірі аяқталып, қола дәуірі басталды.
«Қола дәуірі - адамдар арасында рулық қатынас ыдырап, оның орнына өнім өндіретін шаруашылықтың біржолата орнығуымен қатар келеді. Қола құрал-саймандарының қолданылуы өнім өндіруде (өндіргіш күштерді дамытуда) қол жеткен нәтижелердің біреуі ғана. Қазақстанның далалы аймақтарында бұл нәтиже алдымен егіншілік- малшылық шаруашылығының орнығуымен көрінеді. Өнім өндірудің көбеюі жемнің молаюы халық санының артуына әсер етті» [1, 38-40 б.].
Қола дәуірінің кезеңдеуі туралы ғалымдардың зертеуінше: қола дәуірі - тарихи-мәдени период, көптеген мәдениеттерде қола металлургиясы мен оның құрал-жабдықтар қару-жарақтардың ең негізгі керек материал көзіне айналуымен сиатталады. Қалған территорияларда неолиттік металл кезеңінің әрі жалғасып, дамуы мен жетілуі болып табылады. Шамамен қола дәуірінің хронологиясы б.з.б. IV - I мыңжылдыққа сай. Қола - қалайы мен мыстың қорытпасы, оны 700 - 900 градуста қыздырып алады.

1.2 Дәуірдің ерекшеліктері
Қола дәуірінің өзіне дейінгі дәуірлермен салыстырғанда мынадай ерекшеліктері бар:
- біріншіден, алғаш рет адамдар түсті металдар мен алтынды пайдалануды үйренді;
- екіншіден, мал шаруашылығы жақсы дамыды. Осының нәтижесінде үй жанарларының саны көбейіп, малдың адамдар үшін пайдасы арта түсті. Бұған мал бағып - қағудың жаңа әдіске көшудің нәтижесінде қол жетті. Ол жаңа көшпелі мал шаруашылығына әкеп соқтырды;
- үшіншісі, қарапайым егіншіліктің дамуы. Бұл кезде жер негізінен кетпенмен өңделді.

1.3 Қола алу тәсілдері
Кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен б. з.-дан үш мың жыл бұрын өндіріле бастағанын анықтайды. Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касетерит) төсілін тапқан, сонда ол жыныста жез бен қалайы қосындысы күрт көбейген. Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты «қайлалап», тас соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған.

2 Қола дәуіріндегі Орта Азия
2.1 Алтын - депе
Археологиядағы қызықты қазба жұмыстары кезінде алғашқы қоғамнан жетілген өркениетке өтуге нақты қадам жасалғаның көруге болады. Осы өтпелі кезеңдегі тапсырмалады шешуде археологтарға ашық және сан алуан материалдар қола дәуіріне жүргізген кезде алғаш табылған үлкен және ең ірі Алтын-депе қонысы көмектеседі. Алтын-депе қонысы Түркіменстанның оңтүстігіндегі Миана тұрағында орналасқан. Осы жерге 1965 жылы Қарақүм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соңғы уақытта жүргізіліп, қорытындыланған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орта Азия территориясында ең ежелгі қала типтес тұрақ болғанын көрсетеді.

Сурет 3 – Анау-Намазға археологиялық кешендерінің байланыстары
Адамдар төртбұрышты жер үйлерде тұрды. Қабырғалары ағаш бөренелерден құралып, камыспен байланған және сазбалшықпен жағылған. Үйдің ортасында үй жылтатын ошақ болды, қабырғалар бойында тағы да бірнеше кішігірім ошақтар болды, олардың айналасында археологиялық материалдардың негізі орналасқан. Мүмкін, бұл ошақтардың иелері - қос отбасылар.
Адамдардың бас қаңқасынан екі антропологиялық түрді ажыратуға болады. Бірінші – бас үлкен, бойы биік – Еуразия қырының еуропа түрді халқына жақын, екіншісі – Үндістанның көне халқына жақын.

3 Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібі
1961 жылы Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібінің орналасу жүйесі мен принциптері жөнінде 1961 ж. М. Г. Воробьеваның мақаласында мәселе қозғалды. Қазіргі замандағы бар археологтық мәліметтер Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібінің құрамымен жүйесін бірқатар мерзімде анықтауға көмектеседі.
Б.з.б. І мыңжылдықтың екінші бөлігі – б.з. І мыңжылдығы аралығындағы қыш өндірісі зерттеу объектісі болып алынғаны кездейсоқ емес.
Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында қыш дөңгелегі мен екіқабатты күйдіретін ошақ аумақтың бүкіл территориясында кең жайылған. Бұл кезеңді Орта Азия территориясындағы керамикалық ыдыс тауарлық өндіру қалыптасуының бас кезеңі деп санауға болады.

Қорытынды
Орта Азиядағы қола ғасыры б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықпен мерзімделген. Бұл кезде қару құралдары, жебеден басқа, металдан жасалатын болды. Бірақ тас құралдар да кездеседі. Егіншілік дамыды. Ірі отбасыларда өнімдер көп болғандықтан, тепе-теңдік бұзылды.
Безендірілген ыдыстар көбейді, бірақ өрнектері біртүсті. Бұл ыдыстардың сапасы жақсы – олар қыш дөңгелегінің көмегімен жасалған. Қыш дөңгелегі ыдыс өндірісін тездетті. Қыш өндіруші қолөнерші болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Мартынов А. И. Археология: учебник. – М.: Высшая школа, 2000. – 439 с.
2 Авдусин Д. А. Археология СССР. - М.: 1977. (Электронная библиотека Портала «Археология России») - 446 с.
3 Кузьмина Е. Л. Металлические изделия энеолита и бронзового века в Средней Азии. - М.: Высшая школа, 1966 - 336 с.
4 Кушнарева И. Х. Эпоха бронзы Кавказа и Средней Азии // Археология СССР. - М.: Высшая школа, 1994 – 298 с.
5 Массон В. М. Первые цивилизации. - Л.: 1989 – 438 с.