Балқаш көлі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстан картасындағы Балқаш көлі 4
2 Табиғаты 7
3 Балқаш аңызы және атауы 9
4 Балқаш қаласының тарихы 13
5 Балқаш қалалық әкімшілік сайтына қоршаған ортаны қорғау туралы дерек 17
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйесінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан дүниедегі болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.
1 Қазақстан картасындағы Балқаш көлі
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 — 22 мың км2, ұзындығы 600 км- ден астам,ені шығыс бөлігінде 9 — 19 км, батыс бөлігінде: 74 км-ге жетеді. Суының көл шамамен 100—110 км3, Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық, Орташа тереңдігі 5,8 м. ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші,Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады.
2 Табиғаты
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
3 Балқаш аңызы және атауы
Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел “Жұмбақ көл” деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
4 Балқаш қаласының тарихы
Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды.
5 Балқаш қалалық әкімшілік сайтына қоршаған ортаны қорғау туралы дерек
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Нұра-Сарысу департаментінің Балқаш қаласындағы инспекторлары 2007ж. 09 қаңтарда жарық көрген ҚР Экологиялық Кодексін, ҚР әкімшілік бұзушылық туралы Кодексін және басқа да заңдар мен актілерді басшылыққа ала жұмыс істейді.
Қорытынды
Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Ұ.Б.Асқарова (Алматы, 2007)
2. Канаева Р. Или-Балхашский бассейн: проблемы и перспективы устойчивого развития. ЭКВАТЭК –2004, часть 1
3. Тюменев С. Современное состояние развития ирригации в Или-Балхашском бассейне // Научные исследования в мелиорации и водном хозяйстве: Сб. Науч.тр. КазНИИВХ, -Тараз: ИЦ «Аква», 2001.- Т. 38, вып. 2.
4. Будникова Т. и др. Ландшафтно-экологическая оценка Или-Балхашского региона. // Проблемы освоения пустынь. –2001.-№2.
5. Турсунов А. и др.Тенденция изменения стока трансграничной реки Или, важнейшего притока оз. Балхаш. //Современные проблемы гидроэкологии внутриконтинентальных бессточных бассейнов Центральной Азии: Докл к Междунар. науч.-практ. Конф., г. Алматы, 22-23 янв 2003г.- Алматы: Ин-т географии МОН РК, 2003
6. Джабасов М.Х., Карагодин П.Ф., Ошлаков Г.Г. «Региональные гидрогеологические исследования в Казахстане». Алма-Ата: Наука, 1971
7. Трансграничные воды в Казахстане: наш ограниченный ресурс. ЭкоВести, № 2-3 (40-41), февраль 2005.
8. Гусева Л. Проблема использования водных ресурсов трансграничных рек в казахстанско-китайских отношениях. ЭкоВести, № 4-5 (42-43), март 2005.
9. Акпамбетова К.М. Физическая география Центрального Казахстана, Караганды 2005г.
10. Остроумова, Л.П., Шапов, А.П. Актуальные проблемы гидрометеорологии озера Балхаш и Прибалхашья. — СПб.: Гидрометеоиздат, 1995.
11. Романова С. М., Казангапова, Н. Б. Озеро Балхаш — уникальная гидроэкологическая система. — Алматы: Добровол. о-во инвалидов войны в Афганистане - Братство, 2003.
12. Самакова А. Б. Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. — Алматы: Каганат, 2003.