Рыноктық қатынастар теориясы
Жоспар
1 Рыноктық қатынастар теориясы 3
1.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар 4
1.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны 4
1.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері 5
1.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы 6
1.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері 7
1.5 Рынок инфрақұрылымы 8
Әдебиеттер 10
1 Рыноктық қатынастар теориясы
Рынок мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі рынок шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Солар арқылы кең көлемді ақпарат өңделеді, тауарлар мен кызмет керсетуді, капитал мен еңбекті ке-ректі жеріне, керсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде ағылшын экономисі А. Смит рыноктық күшті, "көрінбейтін қол" деп атаған болатын. "Көрінбейтін қол" идеясының мәні мынада, адамдар өз мүддесіне әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, түтас болғанда қоғам үшін тиімді игіліктер рыногының негізін қалайды.
Рынокты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп түсіндіруге де болмайды. Рынок түсінігін тар және кең мағынада беруге болады. Тар мағынада тауар айналыс саласы — сауда, кең мағынада рынок бүл қоғамдық өндірісті үйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді ше-шеді:
1.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар
1.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны
Қоғамдық шаруашылықты рыноктық үйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.
Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы (ғылыми үғымы). Оның күрделі жүйеленген иерархиялық (өзара тәуелді) құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.
Дамудың белгілі бір деңгейінде тұрған өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының бірлігі мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндірістік қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді. Ол — саяси, құқықтық, идеологиялық ұлттық, жанұялық және басқа коғамдық қатынастар мен институттар жиынтығын керсетеді. Өндіріс әдісі қондырмамен өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі қоғамдық-экономикалық формацияны қүрайды. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Бүларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.
1.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы қауымда материалдық негіз — қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде рыноктық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар арасыңда жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық эконо-миканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рьшоктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты.
1.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы
Экономикалық, мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси формалар-дың (институттардың) біртектілігі (гомогеңдігі) күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады. Жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптимальды және тиімді механизмдерін айқындау процесі жүріп, жалпы адамзат игіліктерінің ортақтығы планетарлық өркениетті қалыптастырары даусыз айқын бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі қоғамдық дамудың өркениетті теориясы қалыптасуының алғашқы кезеңі екенін де ескеруіміз керек. Мұндай теорияның қажеттілігі айқын сезілуде. Жоғарыда да атап өткендей, жалпы әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кепшілігін дүрыс түсіндіргенімен, формациялық теория қазіргі күнгі түбірлі мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге негіз бола ал-майды.
Бүл халықаралық қатынастар саласы, қазіргі әлемдік мәселелер, экономикалық жаңғырту (реформа) және т. б. проблемалар.
1.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері
Рынок қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты тетіктері "сұраныс", "баға" және "ұсыныс" т. б. болды, олардың бірлігі "рынок" деген ұгымды құрайды.
"Рынок экономикасы" деген үғым "рынок" үғымынан кең, оған екі сала, "өңдіріс" және "тұтыну" жатады. "Әлеуметтік реттелетін рынок экономикасы" деген ұғым одан да кең, ол рынок экономикасына, ягаи сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынушыға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Реттеуші механизміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік экономика әсерлері жатады.
Рынок әлеуметтік реттеуші деп аталады. Реттелуге жататын субъект бүкіл қоғам, оның институттары, реттелетін объект —қоғамдық экономика", яғни рыноктық процестер, оның институттары мен факторлары (олар фирма-лардың өндіріс ішіндегі қызметі емес); реттеудің мақсаты — қоғамдық қажеттерді қамтамасыз ету, рынок экономикасы басқа салаларының жалпы проблемаларын шешу.
1.5 Рынок инфрақұрылымы
Рынок — сүраныс пен үсыныстың баға арқылы өзара қарым-қатынасы. Экономикалық теория сұраныс, баға және ұсыныс арасыңдағы байланысты білдіретін түрлі жо-балар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерт-тейді. Онымен бірге рынокты үйымдастырудың нақтылы формаларын зерттеу қажет. Рыноктың нақты формалары төмендегі элементтерден түрады:
Әдебиеттер
1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002