Аз қалдықты технология
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Аз қалдықты технология ретіндегі биотонның болашағы мен экологиялық пайдасы 4
2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар 8
3. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар 10
4. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру шаралары 14
Әдебиеттер 16
КІРІСПЕ
Республиканың орнық¬ты дамуын қамтамасыз ету үшін техникалық әлеует құру өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, су¬мен жабдықтауда, қала шаруашылығын басқаруда және кө¬лікте орнықты, экологиялық таза және экономикалық жа¬ғы¬нан тиімді аз қалдықты технологияларды енгізумен тікелей байланысты.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін рента¬бельді және қауіпсіз өндірістік схемаларды, қажетті ком¬му¬никативтік және ақпараттық құралдарды, сондай-ақ басқару мен есеп берудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, ұтымды табиғат пайдалану жүйесі жә¬не басқалар) үйлестіретін кешенді жүйелер болып табылады.
1. Аз қалдықты технология ретіндегі биотонның болашағы мен экологиялық пайдасы
Жылдан-жылға жер қойнауындағы мұнай қорының тапшылануы, жаһандық жылыну құбылысы және қалыптасқан әлемдік экологиялық ауыр ахуал көлік жанар-жағармайының балама түрін жасау мәселесінде адамзатты көптен бері тол¬ған¬дырып келе жатқан проблема екендігі белгілі. Қазір дүние жүзінің бірқатар дамыған мемлекеттері мотор жанар-жағармайының тиімді баламасы ретінде биоотын өндіруді шұғыл қолға алып отыр. АҚШ, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Канада сияқты алдыңғы қатарлы мемле¬кеттер биоэтанол шығаратын зауыттар салуда. Еуропалық Одақтың мәліметі бойынша 2010 жылға таман Еуропа тұтынатын жалпы отын көлемінің 12 пайызы биоотынның үлесіне тимек.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі “Биоотынды өндіру және айналымға шығаруды мемлекеттік реттеу туралы” арнайы заң жобасын жасап, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына берді. Сөйтіп, Қазақстанда экологиялық таза отын өндіру үшін қажетті заңдық, құқықтық нормативтік және технологиялық ал¬ғы¬шарттар жасалып, негіз қаланды. Ал¬дағы уақытта бұл озық технологиялық тәжірибе жан-жақты даму жолына түседі деген сенім бар.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау аясында Қазақстаның халықаралық ынтымақтастығы және ондағы алатын орны тереңдей түсуде. Ротгердам және Стокгольм конвенциялары ратификацияланды. Киото хаттамасын ратификациялау туралы заң қарастырылуда.
2. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
3. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар
Үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалауға, салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға қойылатын талаптарға мыналар жатады, соның ішінде:
4. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру шаралары
Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар: