Постиндустриялды қоғам
Постиндустриялды қоғам концепциясы алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д. Беллдің 1973 жылы жарық көрген «Келе жатқан постиндустриялды қоғам» атты еңбегінде қолданылды. Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді: қызмет көрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы, жаңалықтар мен қоғамдағы саяси шешімдердің, технологиялық өсімнің мүмкіншілігінің көзі ретіндегі теориялық білімнің алғашқы орында болуы, жаңа «интеллектуалды» техниканы құрастыру.
Бірақ, постиндустриялды қоғам теориясының өзін зерттемесиен бұрын, алғашқы кезеңдерді – дәстүрлі және индустриялды даму кезеңдерін қарастырып өтейік.
1. Дамудың толқындық кезеңдері
Тарихи дамудың периодтылығын көрсететін бірнеше концепциялар бар. Дәстүрлі түрде олардың негізгілері болып құрылымдық (К. Маркс) және өркениеттік (К. Ясперс, А. Тойнби) саналады. Осылардың алғашқысы адамзат қоғамының негізіне өндірістік-шаруашылық қатанастарды жатқызса, екіншісі - әлеуметтік-мәдени типтерді еңгізген.
Қорытынды
Қоғамның жаңа типі – постиндустриялды қоғамға өту үрдісі XX ғасырдың соңғы ширегінде өтіп жатыр. Қоғам қазірдің өзінде-ақ азық-түлік пен тауарлармен қамтамасыз етілген, алғашқы орынға түрлі қызмет түрлері, негізінен білімді жинақтау мен таратуға байланысты түрлері шығады. Ал ғылыми-техникалық революция нәтижесінде ғылым тікелей өндірістік күшке айналды, ол қоғам дамуының және өзін-өзі сақтап қалуының негізгі факторына айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Тоффлер Э. Үшінші толқын АСТ басылымы, Мәскеу, 1999
Белл Д. Келе жатқан постиндустриялды қоғам «Academia» басылымы, Мәскеу, 1999
В. Л. Иноземцев Д. Беллдің постиндустриялды әлемі Көркем энциклопедиялық сөздік, 1998
В. Л. Иноземцев Постиндустриялды қоғам концепциясы www.nir.ru
А. Дугин Соңның парадигмасы
«Элементтер» журналы, elem2000. virtualave.net
Т. Воронина Ақпараттық қоғамдағы білім берудің перспективалары