Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 40 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Акционерлік қоғам


Мазмұны
Кіріспе 3
I. Акционерлік қоғамның жалпы мәні мен қызметі 5
1.1. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары туралы 10
1.2. Акционерлік қоғамның түрлері 13
1.3. Акционерлік қоғамның акционерлері мен инвесторлар алдындағы қызметі туралы ақпаратты ашу жөніндегі қысқаша жадынама 16
II. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамының заңдылық аспектілері 23
2.1 Акционерлік қоғамдардың акциялары және бағалы қағаздардың түрлері 23
2.2. Акционерлік қоғамдардың облигациялары 28
2.3. Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы қысқаша жадынама 32
Қорытынды 38
Пайдаланған әдебиеттер 40

Кіріспе
Нарық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болды. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерліктің бұл түрінде кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке азаматтар келісім бойынша капиталын бір жерге шоғырландыру арқылы заңды түрде тіркелген ұйым құрып және өздері бекіткен жарғы бойынша қызмет атқарады. Акционерлік қоғамдар акцияның бірнеше түрлерін шығаруға құқықтары бар. Акция (французша action – құнды қағаз) – акционерлік қоғамның қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын бағалы қағаздың түрі. Ол өз иесіне осы қоғам қызметінен түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам тартылған жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға құқық береді.
Экономикалық теориядан бұл құнды қағаздардың негізгі түрлері белгілі: жай акциялар, артықшылығы бар өтімді акциялар, иелі акциялар, ұсынушы акция, үстеме пайда табуға қатысу үшін артықшылығы бар акциялар, куммулятивтік акциялар.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үдеріс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын-құрылтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңды тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.
Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы.
Курстық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғамның қаржылық нәтижесінің қалыптасуын және қолдануын талдау» деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты – акционерлік қоғамның табысының қалыптасу жолдарын және олардың бөлу әдістерін қалыптастыра отырып, табысты қалыптастыру және бөлуді жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.

I. Акционерлік қоғамның жалпы мәні мен қызметі
Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.
Акционерлік қоғам — өз қызметін іске асыру үшін қаражат тарту мақсатындағы акциялар шығаратын заңдылық тұлға.
Акционерлік қоғам немесе кәсіпорын дегеніміз – жарғылық капиталдың акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: ашық және жабық.

Бағалы қағаздармен оерациялар жүргізілген кезде арнаулы алым алынуы мүмкін, оны алдың тәртібі мен шарттары салық заңнамасымен анықталады.
Бағалы қағаздар рыноктарындағы қызметті оның инфроқұрылымы жүзеге асырады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қаржы рыногының дамыған инфроқұрылымы бар, ол өзіне төлем жүйелерін Қазақстан қор биржасын (KASE), Банкаралық есеп айрсудың Қазақстан орталығын (МЕҚО), Бағалы қағаздардың депозитарийін, Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығын кіріктіреді.

1.1. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары туралы
Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады.
Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:

1.2. Акционерлік қоғамның түрлері
Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі – ашық және жабық үлгілері құрылды. Қоғам өзінің үлгісін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс.

1.3. Акционерлік қоғамның акционерлері мен инвесторлар алдындағы қызметі туралы ақпаратты ашу жөніндегі қысқаша жадынама
1. Акционерлердің және акционерлік қоғамның (бұдан әрі – қоғам) өзге бағалы қағаздарын ұстаушыларының мүдделерін қамтитын ақпарат деп мыналар танылады:

II. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамының заңдылық аспектілері
2.1 Акционерлік қоғамдардың акциялары және бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздардың түрлері. екіге бөледі: меншік куәлігі және займ куәлігі.
Оларға: акциялар, опционды куәліктер, қаржылық фъюшерлер, ордерлер, құқық (варранттар), коносаменттер, облигациялар, вексельдер, банкноттар, чектер, депозитті және қор жинау сертификаттары т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең белгілі бағалы қағаз – акциялар.
Акция – акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлігі, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер акционерлік қоғамның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанасында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.

2.2. Акционерлік қоғамдардың облигациялары
Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:
- облигация - шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырланыдру құралы;
- облигация – онша қымбат емес және оңай қолға жеткізуге болатын борыштық құрал;
- облигация – ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.
Шаруашылық жүйенің дамуы мен қоғамның және шаруашылық міндеттерінің біртіндеп қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктің маңызын арттыра отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда шығындарды қаржыландыру үшін және зайымдарды сату жолымен жүзеге асырылуы акциялар шығаруға қарағанда біршама тиімді.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.

2.3. Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы қысқаша жадынама
Акционерлік қоғамның (бұдан әрі – акционерлік қоғам) акционерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен реттеледі.
Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді.

Қорытынды
Сонымен өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылатын болды. Осы қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үдеріс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын-құрыдтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.