Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі
Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.
Әлемдік дәрежеде іргелі істер атқаратын халықаралық ұйымдардың қай-қайсысы да ізгі мақсат көздейді. Бүгінде қазақ зиялыларына ғана емес, әлем жұртшылығына жақсы танымал ТҮРКСОЙ түркі дүниесінің мәдени ынтымақтастығын нығайтуды мойнына алған. Түбі бір түркілердің тілінде орындалатын өнер түрлерін дамытып, қанатын қатайту — осы ұйымның енші-сіндегі міндет. Бұдан аталған құрылым тек мәдени байланыстар
Әлемге құлашын кең жайып келе жаткан жаһандану үрдісі түркі тілдес елдердің рухани сипатына қауіп төндіретінін ескерсек, оған тек дәстүрді сақтау, ынтымақтастықты дамыту арқылы ғана қарсы тұра алатынымызды ұмытпағанымыз жөн. Бұл турасында да халықаралық ұйымның атқарып
Ізгі ниет көздейтін бұл халықаралық ұйымның сан-салалы жұмысының бірсыпырасы түркі әлеміне ортақ тұлғаларды дәріптеуге негізделген. Ұзақ жылдар бойы құрсаулы жүйенің ауасымен тыныстап, еуроцентризимге бейімделген ұрпақтың көпшілігі түркінің азаттығы үшін алысқан қайраткерлерді біле бермейді. Өйткені бұрынғы қоғамдық жүйе олардың есімдерін айтқызбады. Халықтың жадынан өшіруге тырысты. Бұл
Енді міне ТҮРКСОЙ-дың келесі мәжілісі Қазақстанда өтпек. Біздің ел түркі әлеміндегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі ретінде ұйымның алдағы жоспарларын талқылау үшін іргелі басқосу ұйымдастырып отыр. Бұл жолы түркінің рухын тербеген ТҮРКСОЙ-дың туы қонақжай қазақ жерінде биігірек көтерілетініне сеніміміз мол.