Мемлекеттік бюджет.
Мемлекеттік бюджет мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында қоғамдық өнім бағасын орталықтандыратын ақша құралдары қорын құру арқылы бөлу мен қайта бөлу және оны кеңейтілген ұлғаймалы өндіріс және қоғамдық қажеттіліктер мақсатына пайдалану үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар сипатына ие.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік билік органдарына функцияларын қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының құрылуымен жұмсалуын көрсеткіштер түрінде беретін мемлекеттің жиынтық ақша қоры.
Қаржы ресурстарын бюджетке жинақтау мемлекеттің қаржы саясатын сәтті жүргізу үшін қажет.
Мемлекет бюджет саясатын, яғни әлеуметтік экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыратын бюджеттік нысандар мен әдістерді пайдалану шаралардың жиынтығын жасайды. Бюджет саясаты бюджет жүйесі арқылы іске асады.
Бюджет жүйесі – елдің экономикалық қатынастармен құқықтық нормаларға негізделген барлық бюджеттерінің жиынтығы.
Бюджет жүйесі мына қағидаларға негізделеді:
Егер жиынтық бюджеттегі түсім көлемі әрбір деңгейдегі биліктің функциясын жүзеге асыруға жеткілікті болса, онда бюджет вертикальды теңдестірілген болып есептеледі. Горизонтальды теңдестірілу – жекелеген аймақтардағы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің өзара тең болуы. Вертикальды теңдікке қол жеткізу - жалпы теңдестірілудің бірінші кезеңі, ал горизонтальды теңдестірілу екінші кезеңі болып табылады, ол Қазақстанда бюджеттік алу және субвенциялар арқылы жүргізіледі.
Нарықтың қалыптасуы кезінде бюджеттің негізгі проблемалары мынадан тұрды:
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік экономикалық және тарихи жағдайларында жүзеге асырылатын бюджет және салық саясаттарының бағыттарымен анықталады.
Әдетте, кірістер көзі ретінде салықтар және оларға тән төлемдер танылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы қолданыстағы салық жүйесімен анықталады.
Мемлекеттік бюджеттің құрамы:
Үшінші бөлім - бюджет тапшылығы (дефициті) несиелеуді қоса алғанда түсімдер мен шығындардың арасындағы теріс айырманы білдірсе, ал оң айырма бюджет профицитін білдіреді.
Төртінші бөлімдегі тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) екі мақсатты көздейді:
Салық ставкілерін өсіру бюджет тапшылығын қаржыландыру әдісі емес, оны қысқарту тәсілі болып табылады.
Бюджет дефицитімен күресу барысында мыналарды басшылыққа алу керек: