Тінту және алу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Тінтудің түсінігі мен міндеттері 5
1.1 Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері 5
1.2 Тінтудің міндеттері 11
1.3 Тінтуді жүргізу туралы шешім қабылдау және оның қатысушылары 15
2 Алу және оның тәртібі 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
КІРІСПЕ
Еліміздегі кез келген шынайы қайта құрулар әлеуметтік шиеленусішілік туғызатынын тарихи тәжірибеден көруге болады. Сол себепті қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметінің маңыздылығының артуы, заңды бұлжытпай орындау, қылмыспен күрес тәжірибесін қолданбалы және теориялық деңгейін ғылыми зерттеуін тереңдету және кеңейту қажеттілігінің актуалдығын арттырады.
Бұл тергеушіге аумақты ақпарат берудегі тергеу жүргізудегі іс әрекетті қамтамасыз етеді. Бұл негізінде тергеудегі іс әрекетті тексеріс түріне жатады, оқиға болған жер; заттар, документтер, мәйіттер және басқа объектілер. Алдын ала тексеру процесіндегі бұл іс-әрекеттің маңыздылығы сонда, яғни материалдық объектілер, заттар жиі тексеру барысындағы құнды ақпараттардың жалғыз көзі болып табылады.
1 Тінтудің түсінігі мен міндеттері
1.1 Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелерді тез арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады. Тінтуді сипаттау және оның мазмұны, шектері мен мүмкіндіктерін көрсету үшін, сондай-ақ оның тергеу әрекеттері жүйесінде орнын анықтау үшін тінту түсінігіне тоқталу керек. Алғашқы кеңестік криминалистика оқулықтарында тінту түсінігі берілмеген, ол тінтуді басқа тергеу әрекеттерінен, әсіресе, тергеулік қараудан айыруды қиынға түсірді. Оқулықтардың тарауы былай басталған болатын - тергеушіде қандай да бір адамда немесе қандай да бір мекемеде тергеліп жатқан іске қатысты маңыздылығы бар екендігі жөнінде жеткілікті деректер бар болған жағдайда немесе іс бойынша тергеуден, соттан немесе үкімді орындаудан жасырынған тұлғалар табылғанда тінтуге рұқсат етіледі. Тура осыған ұқсас санкциямен 1938 жылғы оқулық шектелген болатын: «...қандай да бір үй-жайда немесе қандай да бір тұлғада іс үшін маңызы болуы мүмкін заттар бар екендігі жөнінде жеткілікті негіздер бар болған жағдайда ғана тінту жүргізіледі»[2, 30 б.].
1.2 Тінтудің міндеттері
Жалпы тінту жүргізу нұсқауының мақсаты (іске қажет заттарды тауып алып қою) нақты міндеттерді анықтауды тергеу әрекетімен алып тастау. Бірінші орында бұл міндеттердің шарты тінту жүргізу басқа тергеу әрекеттері сияқты барлық тергеу затына қатысты сұрақтарға жауап беруге қылмыстық істі дәлелдеуге жататын қызметтерді атқарады. (ҚР ҚІЖК-нің 117 бабы). Тінту міндеттеріне мыналар жатады:
1.3 Тінтуді жүргізу туралы шешім қабылдау және оның қатысушылары
Тінтуді өткізу тәртібін және оны жүргізуді реттей келе қылмыстық процессуалдық заң тінтуді жүргізуге қандай негіздердің жеткілікті екенін анықтамайды және тінту туралы шешімді қабылдай отырып тергеу жүргізетін тұлға және тергеу мен анықтау органдарына қадағалау жүргізетін прокурор нені басшылыққа алатыны да белгіленбеген. Сонымен қатар заңдарды қатаң сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау қажеттілігі және дәлелдемелер іздеудің қажеттілігі тінтудің негізі деген сұрақты аса маңызды және қиын мәселе жасайды. Әрине барлық жағдайда жарайтын, әрқашан тінту жүргізуге жеткілікті негіз болатын анықтама беру мүмкін емес. Негіздердің жеткіліктігі істің нақты жағдайы мен оның сипатына байланысты. Тінту тек қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізіледі. Онымен қоса процестегі тергеуге дейінгі тінтуге жол беріледі. Бұл әрекеттер сот өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жүргізілмейді. Тінту анықтау және тергеу органдарының қаулысы және тек қана прокурордың санкциясы болса ғана жүргізіледі. Осы заңда бекер атап көрсетілмеген.
2 Алу және оның тәртібі
Алу iс үшiн маңызы бар белгiлi бiр заттар мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық болғанда, оларды алып қою мақсатымен жүргiзiледi.
Алуды жүргізбей қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда алу Кодекстің талаптарын сақтай отырып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбiне нақтырақ тоқталсақ, онда алдымен тiнту мен алуды тергеушi дәлелдi қаулы бойынша жүргiзедi. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиiс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Конституция бойынша ешкімнің үйіне кол сұғуға болмайды делінген соған қарамастан, қылмыс жасады деп күдікті болса, сонымен қатар қылмысты ашуға қажет болған жағдайда тінті мен алу заңға сәйкес жүргізіледі[11]. Тінту – іске маңызды және заңсыз түрде алынған заттар мен құжаттарды, құндылықтарды, қылмыс заттарын іздеу мен оларды алып қою мақсатында үй-жайды немесе өзге жерді немесе белгілі бір тұлғаны мәжбүрлі түрде тексеруді қамтитын тергеулік әрекет. Көп жағдайда тінту іздестіріп жатқан тұлғаларды, мәйіттерді, адамдарды, жануарларды табу үшін жүргізіледі. Тінту өндірісі ол күрделі тергеу әрекеті. Тінтудің күрделілігі оның еріксіздігімен түсіндіріледі, сондықтан да тінту дайындаған ұқыпты дайындықты, тактикалық нұсқаулықтарды қолдануды жағымды нәтижеге жету үшін қажет етеді.
Тінтуге дайындалу уақытында қажет жағдайда жедел жолмен алынған мәліметтер қолданылады, ал тінту өндірісі кезінде анықтау органының қызметкерлерінің, мамандарының көмектесуі дұрыс болады. Тінтудің жағымды нәтижесін алу үшін оны кенеттен және техникалық әдістерді қолдану арқылы жүргізу керек. Тінту өндірісі кезінде қылмыстық іс жүргізу заңдарын нақты сақтауы қылмыстық істердің тергеуінің сапасы жоғарылатылады және қарастырылатын тергеу әрекетін жасау кезінде тінту жүргізілетін адамның құқығының сақтауына кепілдік береді.