Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Полный просмотр работы

Кәмелетке толмағандардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі 5
1.2 Азаматтардың есімі 7
1.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 8
1.4 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы 12
2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ 17
2.1 Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі 17
2.2 Кәмелетке толмаған азаматты толығымен әрекетке қабілетсіз деп тану 20
2.3 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі 23
Қорытынды 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Кіріспе
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
құқық қабілеттіліктің жалпы сипаттамасын беру;
азаматтардың әрекет қабілеттілігінің мәнін ашу;
азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттілігінің байланысын көрсету;
азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байланысты субъектілерін анықтау мен оларға сипаттама беру
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды.

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Заң бойынша, құқық қабілеттілік дегеніміз азаматтық құқықтарды иелену және міндеттерді өтеу қабілеттілігі. Құқы қабілеттіліктің мазмұны азаматтық заңнамаға сәйкес, азамат иелене алатын құқықтар мен міндеттердің кешені арқылы ашылады.

1.2 Азаматтардың есімі
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.
Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін.
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.

1.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Заң әрекет қабілеттілікті “азаматтық өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді мойнына алып, оларды орындау қабілеттілігі” деп анықтаған (АК 17 бабы)
Әрекет қабілеттіліктің құқық қабілеттіліктен ерекшелігі, ол психикалық еркіндіктің белгілі бір дәрежесіне жетуді көздейтін, азаматтың еріктік іс әрекеттер жасауымен байланысты. Заң азаматтың әрекет қабілеттілікке жетуінің басты белгісі ретінде жасты қарастырады.

1.4 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар әрекеті құрайды.
Әрекет өз кезегінде құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Құқықтық емес әрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады.

Заңдық әрекет – бұл заңдық әрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тәуелді азаматтық – құқықтық зардап тудыратын құқықтық әрекеттер. Ал заңдық әрекеттерге қарағанда заңдық актілер – бұл осы зардапты арнайы тудыру үшін жасалғанда заңдық зардаптарды тудыратын құқықтық әрекеттер.
Заңдық актілер құрамына әкімшілік актілер мен мәлімелелерді жатқызады. Сонымен, азаматтық құқықтағы заңдық деректер келесідей жіктеледі:

2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1 Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

2.2 Кәмелетке толмаған азаматты толығымен әрекетке қабілетсіз деп тану
Азаматты әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi.

2.3 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

Қорытынды
Сонымен, азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік әдебиеттер:
30 тамыз 1995 жылы Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутуциясы, (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).- Алматы: Қазахстан, 1998. - 96 б.
Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
Негізгі әдебиеттер:
“Қазақстан Республикасы Азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл
“Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл
“Субекты гражданского право” М.К. Сулейменов., Алматы, 2004 год.
“Субекты гражданского право” Грешников ., Алматы 2003 год
Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. А. Рясенцев. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Юридическая литература. Ч. 1, 1986.- 559с.
Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Высшая школа, 1985.- 544с.
Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
Советское гражданское право. Учебное пособие: в 2 ч. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –М.: Высшая школа, 1968.- 519с.
Советское гражданское право. Учебник. /Отв. Ред. О. Н. Садиков. - М.: Юридическая литература, 1983.- 464с.
Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. Т. Смирнов. –2-е изд., перераб. и доп. - Л.: Изд-во ЛГУ. Ч. 1, 1982.- 414с.
Советское гражданское право. В 2 т. Учебник. /Отв. Ред. В. П. Грибанов. –М.: Юридическая литература. Т.1, 1979.- 552 с.
Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов.- Алматы: Гылым. Т.1, 1998. –227 с.
Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов. –2-е изд., перераб. и доп. - Алматы: Гылым. Т.1, 1999. –227 с.
Гражданское право. Учебник. /Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: ПРОСПЕКТ. Ч.1, 1998.- 631с.
Қосымша әдебиеттер:
Букшина С. Эмансипация:проблемы и перспективы.-С.49-57 //Хозяйство и право.-1999.-N7.-ISSN 0134-2398.
Сулейменова С. А. О частной правоспособности несовершеннолетних граждан (физических лиц) //Вестник Моск.ун-та.Сер.11.Право.-1999.-N6.- C.72-80.
Диордиева О.Н. Жилищные права лиц,признанных безвестно отсутствующими //Российский судья.-2000.-N3.-С.39-41..-ЕЛ
Нечаев А.М. О правоспособности и дееспособности физических лиц /Государство и право.-2001.-N2.-С.29-34.-ISSN 0321-5075.
Таужанова Р. Личность,ее права-главные богатства общества.-С.24-28 //Фемида.-№12.-Алматы,1998.