Сілтеу жаттығулары
Жүру, жүгіру, көптеген үй шаруашылығының, еңбек және спорт қимылдарын жасаған кезде адам қолдарымен, аяқтарымен және барлық денесімен сілтеу жаттығуларын жасайды. Гимнастикада гимнастикалық снарядтармен жасалатын сілтеу жаттығулары қызықты. Бұл жаттығулар күш жаттығуларына қарағанда күштің қызметін кеңінен жан- жақты қолданады және дененің инерция бойынша қозғалуын немесе жекелеген буындарын қозғалысқа келтіреді.
Гимнасттың ОЦМ қозғалу схемасы, айналу осін өзгертумен бекітілген ості айналу.
I - дененің бастапқы тұрған жері, II – дененің орын аустырған жері, Р – ауырлық күш, Р1 - тангенстік ауырлық күш, Р2 - радиалдық ауырлық күш, W – дененің тіктік бұрыштан аууы, W1 - дененің көлденең бұрыштан аууы, R - бастапқы орындағы дененің айналу осіне дейінгі қашықтық, 4/5 R - орын аустырған дененің айналу осіне дейінгі қашықтық , h - бастапқы орындағы биіктік , h1 - орын аустырғандағы биіктік.
Қайтадан тарату принципінде дененің буындарының арасындағы қозғалыстардың мөлшері көптеген сілтеу жаттығуларын жасауда техниканың негізгі құрамына кіреді.