Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Диссертация

Объем: 40 стр.

Полный просмотр работы

Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 14
Қорытынды 29
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды 32

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.

Негізгі бөлім
Философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерді жан-жақты талдау негізінде зерттеу проблемамызды тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды ұйғардық. Осыған орай оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәні анықталды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «мәдениет», «мәдениеттілік», «экология», «экологиялық тәрбие», «экологиялық мәдениет» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.

Адамзаттық мәселе болып табылатын экологиялық мәселелер жаҺанданушылық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локалды және жеке деңгейлерде қарастырылады. Өлкетану жұмыстарының түрі, әдістері мен құралдары пайдалану эмпирикалық жүйеде жасалады. Тұлғаның жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:

Бұл кезеңде мектептердің оқу-тәрбие процесінде өлкетану материалдарын пайдаланудың деңгейі айқындалды. Оқушылардың өз өлкесі туралы білімдері, түсініктері, оларды қажетті жерде пайдалана білу дағдылары сауалнама, тест және оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы тексерілді.
Диагностика нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:

Қорытынды
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, бізге төмендегідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:
1) оқушылардың экологиялық мәдениет түсінігі педагогикалық тұрғыда нақтыланып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегіндегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы негізделеді, өйткені осы педагогикалық құралдар өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың кешенді сипаты мен қолданбалы бағыты экологиялық мәдениет көріністерінің (құндылықтар, мотивтер, білімдер, біліктер, қабілеттер) тұтастығына қол жеткізуге жол ашады;

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды
1 Қазақтың наным-сенімі және олардың табиғат қорғаудағы маңызы. //Педагогика және білім мәселелері: ҚарПИ аспиранттарының ғылыми еңбектер жинақтары. - Қарағанды,1996. - Б. 85-92.
2 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Гуманизация учебно-воспитательного процесса на современном этапе» Сборник научных трудов. - Караганда, 1998. - Б. 112 -120.
3 Ұлы бабалардың педагогикалық еңбектерін оқыту негізінде жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру //«Проблемы профессиональной подготовки современного учителя» Сборник статей. - Караганда, 1998. - С. 293-322.
4 Қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздеріндегі экологиялық тәрбие көрінісі //«Педагогическая теория и практика: история, современность перспективы» Сборник научных трудов. - Караганда, 1999. - Б. 136-142.
5 Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы экологиялық тәрбие беру мәселелері //«Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары» Халықаралық ғылыми – педагогикалық конференция материалдары. - Алматы, 2000. - Б. 268-273.
6 Қазақ халқының мақал-мәтелдері арқылы оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Шоқан тағылымы – 6» Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2001. - Б. 243-246.
7 Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру //«Ы.Алтынсариннің мұрасы және педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция. - Қарағанды, 2001. - Б. 65-70.
8 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру //«ҚР білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практикасының сабақтасуы» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2002. - Б. 62-67.
9 Халық педагогикасы арқылы оқушылардың экологиялық қызығушылығын арттырудың кейбір жолдары //«Қазіргі таңдағы педагог мамандарды кәсіби даярлау мәселелері» Айматық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2003. - Б. 183-189.
10 Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасын іске асыру жолдары //Білім беру мазмұнын қалыптастыру және жетілдіру мәселелері педагогика теориясы мен практикасында» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2004. - Б. 169-174.
11 Жоғары оқу орнында экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің кейбір жолдары //Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері» Жоғары оқу орын аралық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары - Қарағанды, 2004. - Б. 429-432.
12 Педагогика негіздері. Оқу әдістемелік құрал. - Қарағанды, 2004. - 119 б. (Қ.А. Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
13 Педагогикаға кіріспе. (электронды оқулық) Зияткерлік меншік объектісін тіркеу куәлігі № 208. - 11 тамыз - 2004ж. (Б.Әбдікәрімұлы., Қ.А.Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
14 Педагогика тарихы. Типтік бағдарлама. - Қарағанды, 2004. - 19б. (С.К.Омаров., Қ.Ф.Аубакировамен авторлық бірлестікте).
15 История педагогики. Типовая программа. - Караганда, 2004. - 10 б. (Соавторстве С.Қ.Омарова., Қ.Ф.Аубакировой).
16 Жалпы педагогика. Типтік бағдарлама. - Қарағанды, 2004. - 10 б. (К.Т.Омарова., С.Қ.Омаров, П.З.Ишановпен авторлық бірлестікте).
17 Педагогика. Оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды, 2004. - 98.б. (C.Т.Каргин, К.Т.Омаровамен авторлық бірлестікте)
18 Білім мекемелерінде экологиялық тәрбиенің көкейкесті мәселелері

Формирование экологической культуры школьников в краеведческой работе средствами казахской народной педагогики
Для современного этапа развития мирового сообщества характерен поиск решения экологических проблем, обусловленных нарушением равновесия между природой и человеком. Глобальный кризис человечества вызван проблемами локального уровня, которые являются отдельными звеньями экологической дисгармонии на планете. В этих условиях необходима мобилизация всех социальных институтов по организации рациональных взаимоотношений антропогенной цивилизации с окружающей природой.
Экологические проблемы и поиски путей выхода из кризиса стали приоритетным направлением в долгосрочной Программе Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. «Стратегия – 2030» и ряда официальных документов по проблемам воспитания и обучения. Несмотря на многоаспектность исследования проблемы экологического воспитания и образования, еще недостаточно изучена проблема использования воспитательных возможностей казахской народной педагогики в краеведческой работе в процессе формирования экологической культуры школьников. Выявленные нами противоречия между необходимостью использования средств казахской народной педагогики в краеведческой работе со школьниками в процессе формирования их экологической культуры и недостаточностью теоретических и практических разработок по данной проблеме определили выбор темы нашего исследования.
Объект исследования: процесс формирования экологической культуры школьников.
Цель исследования: теоретическое обоснование и разработка системы формирования экологической культуры школьников в краеведческой работе средствами казахской народной педагогики.
Методологическую основу исследования составили: учение, отражающее философско-экологические проблемы взаимодействия общества и природы, теория познания, теория личности, теория деятельности, концепции экологического образования, личностно-ориентированный и системный подходы.
Результаты исследования:
 на основе анализа педагогических теорий сущность понятия «формирование экологической культуры школьников» уточнена в контексте рассматриваемой проблемы;
 раскрыты возможности средств казахской народной педагогики в формировании экологической культуры школьников;
 определены особенности краеведческой работы в процессе формирования экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики;
 определена система критериев, показателей и уровней сформированности экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики;
 разработана модель формирования экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики в краеведческой работе;
 апробирована разработанная система формирования экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики в краеведческой работе и подтверждена ее эффективность;
 изданы учебно-методические пособия «Педагогика», «Педагогика негіздері», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» и электронный учебник «Педагогикаға кіріспе».