Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 35 стр.

Полный просмотр работы

Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi

Жоспар
Кiрiспе 3
1 АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ 5
1.1 Ақшаның шығу тегі 5
1.2 Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi 8
1.3 Ақша айналысының сипаттамасы 18
2 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСI 21
2.1 Ақша териясының дамуы және олардың айналысы 21
2.2 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, оның элементтерi және негiзгi түрлерi 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер 35

Кiрiспе
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай - талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

1 АҚШАНЫҢ МӘНI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫ
1.1 Ақшаның шығу тегі
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

1.2 Ақшаның эканомикалық мәнi мен ақша қызметтерi
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi . Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады . Тауар және ақша бiр - бiрiнен бөлiнбейдi . Ақша айналысы болмаса , онда тауар айналысы да болмайды
Бiрақ XVI ғасырдың басында ( 1516 ж .) утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “ Жаңа утопия аралы және мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде : “ Алдау , ұрлау , тонау ....кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi , әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай , олар да жоғалмайды , сонымен бiрге ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы , қағысы , қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi . Егер ақша адам өмiрiнен алыстанатын болса , онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жоғалар едi ” .

1.3 Ақша айналысының сипаттамасы
Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма ө қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма ө қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

2 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСI
2.1 Ақша териясының дамуы және олардың айналысы
а) Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк исипатта , себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi - ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады.

2.2 Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, оның элементтерi және негiзгi түрлерi
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар.
Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

Қорытынды
Жоғарыда атап өткендей, ақшаның өмiр сүруiндегi объективтi қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi. Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр - бiрiнен бөлiнбейдi.
Қорыта келгенде, ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Жалпыға бердей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бейiм .

Қолданылған әдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. - Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” - Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие - Москва , 1996г.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
6. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие - Москва, 1994 - 173 с.
7. Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030. Алматы, 1997-Б. 52-54
8. Ақша. Несиелер. Банктер. Г.С. Сейткасимов редакциясымен жасалған. Алматы 1999 ж.
9. Красавина Л. Н. «Халықаралық валюта-несиелік және қаржылық қатынастар» Мәскеу 2000