Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Тұрақты сөз тіркестері

Жоспар
I Кіріспе
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері
II Негізгі бөлім
1. Көнерген тұрақты сөз тіркесі
2. Орыс тілінен енген фразеологизмнің қолданылуы
3. Антоним, синоним
4. Морфология
5. «Қара» және «көк» сөздері арқылы жасалған тұрақты сөз тіркесі
III Қорытынды

«Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.Фразеология-грек тілінің «phrasis»-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған.
Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттрі болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді.Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар,т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді. Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың үлесіне тиеді. Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор.Сондықтан стилистика тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздегі атқаратын қызметіне, оның қолдану заңдылықтарына баса көңіл бөледі.

Фразеологиялық историзмдерге тарихи бір кезеңде зат не құбылыс туралы ұғымды білдіріп, қазір онша қолданылмайтын тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады.
Историзмдерге жататын тұрақты сөз тіркестері: бай баласы, жарлы баласы, ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, басы байлылық, кедей теңдігі, әйел теңдігі, өз ара салық, тап жауы, халық жауы, кедейлер комитеті, жер аудару, төре аға, жүз басы, қос өкімет, қызыл отау, т.б.

Мысалда келтірілген соңғы мақал өткен қоғамдағы үстем тап пен еңбекшілердің арасындағы әлеуметтік тәуелсіздікті көрсетеді.Идеясы бізге жат ескі өмірдің мақал-мәтелдері де кездеседі.
Еңбекші қара халықтың үстем тап өкілдерінің зұлымдығын өлтіне әшкерелейтін мақал-мсәтелдер де көп: хан қарақшы, халық сарапшы, соны сұмнан шығады, шала молда шырық айтар, төреге ерген ер-тоқымын арқалар, т.б.

Фразеологизмдерді орыс тілінен аударған кезде ерекше көңіл бөлетін тағы бір мәселе- ол тұрақты сөз тіркестерінің арғы шыққан тегі.Мысалы, қазіргі орыс тілінен қолданып жүрген фразеологизмдердің ішінде басқа тілдерден енгендері бар.Олар: «лучше поздно, чем никогда», «убит время» (француз тілінен); «холодная война», «железный уровень» (ағылшын тілінен); «невзирая на лица», «вот где собака зарыта» (неміс тілінен).Сонымен орыс тілінде көне грек морфологиясына байланысты сөз образдары да көп кездеседі: «тантоловы лирси», «авшевы», «коаюшни», «троянскиий конь», «яблоко раздора», «Ахилесова пята», «Дамоклов меч», т.б.

Фразеологиялық антонимдер.

Фразеологиялық синонимдер.

Өлді – көмеске аттану, пейішке аттану, жан тәсілім қылу, о дүниеге аттану, мәңгі ұйқыға кету, жаны жаханнамға кету.
Өсек-сыбыс-сымсыз телефон, ұзын құлақ.
Эвфемизмдер осылайша әр түрлі себептермен астарланып айтылады.Яғни, жағымсыз қылықтарды сыпайылап, жұмсартып айтуға көздейді.Егер діни ұғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы, тұрпайы сөйлеуден сақтандырып, сыпайы болуға баулитыны байқалады.Бұдан халықтың тілді жоғары эстетикалық талғаммен пайдалануын көреміз.

Қазақ тілінде түр-түс аталуымен тіркесіп айтылатын талай сөздер түске байланысты бола бермейді.Яғни реңк сипатын ашпайды, қайта адам да өзге терең мағынаға меңзейді, сөйтіп олар белгілі бір шеңбер аясына ұйытқы болады.
Қазақ тілінде ауыспалы, шартты символикалық мағыналары аса көп түстің бірі-қара.Тілімізде, жалпы түрік тілінде бұл сөзге қатысты тұрақты тіркестер көп сақталған және уақыт өтуімен байланысты мұндай тіркестер жаңғырып, үстеліп отырғандығын да байқаймыз.

Көне түркі тілдерінде «көк» сөзінің бір мағынасы «тамыр» (корень) «көкаяу» қазіргі түркі тілдерінде «тамырлас» ұғымын білдіреді.Бұл «көк» туыстық атау сөзімен де байланысты.
Мұндай мағына «көгі жақсы», «көгі жаман» тіркестерінде сақталған.Бұлар көне жазба ескерткіштерінде де кездеседі.Ғалымдардың еңбектерінен де мысал келтіруге болады.