Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистика

Тип: Баяндама

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Тергеулік эксперимент

Қылмысты тергеп-ашуда қолданылатын тәжірибелік әдіс қолдану нысандарының бірі – тергеулік эксперимент. Тергеулік эксперимент дегеніміз қылмысты оқиғаның кейбiр мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әртүрлi сынақ тәжiрибелер жүргiзу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкiндiгiн тексеру, сондай-ақ iске қатысы бар жаңа дәлелдемелердi алу мақсатында жүргiзiлетiн тергеу әрекетi. Тергеулік экспериментi кезiнде адам денсаулығына нұқсан келтiрiлмеуi, оның өмiрiне қатер төнбеуi тиiс. Сонымен қатар, эксперимент өткiзуге қатысып жүргендердiң құқығы бұзылмайтындай, оларды қорлап, кемсiтпейтiндей жағдайлар жасалу керек.

Сараптама кезiндегi эксперимент ол, сот-сараптамалық зерттеу шараларының факультативтiк сатыларының бiрi. Оның мәнi тәжiрибелер жасаумен көрсетiледi: нақты жағдайларды және олардың арасындағы себептiк байланыстарда анықтау үшiн; iздердiң жасалу механизмiн айқындау үшiн; салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуда; iздердiң қасиетiн зерттеу үшiн; қылмысты жасауға итермелеген техникалық сипаттағы себептер мен жағдайларды айқындау.

Сот сараптамасы дегеніміз ғылыми, техникалық және басқа да арнайы білімдер негізінде білікті тұлғаның заңға сәйкес нақтылы жағдайларды анықтау мақсатында жүргізілген зерттеуі қорытынды түрінде құрастырылған, сондай-ақ қылмыстық не азаматтық істер бойынша дәлелдемелік құрал ретінде жүретін процессуалдық әрекетті айтамыз.
Сот сараптамасын тағайындау негіздері: