Желілер
Жоспар
Кіріспе 3
1 Жергілікті желі 8
2 Жалпы желілер 15
3 Қалай хабарласу керек 17
4 Жергілікті және жалпы желілердің бірігуі 18
Қолданылған әдебиеттер 19
Кіріспе
Информацияларды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Егер информациялардың көлемі өте болса,онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес. (Ең қолайлысы бірге жұмыс істейтіндей етіп,бірнеше компьютерді кабельдің көмегі арқылы жалғастыру). Алғашқы компьютер желісі Arpanet АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің тапсырмасы боиынша бұдан 30 жыл бұрын жасалған. Бұл желі соғыс-өнеркәсіп комплексі мен ғылыми зерттеу орталықтарын және оқу процестерін ұйымдастыру үшін жасалған,бұл желіге сол кездегі өте күшті бірнеше ЭВМ-дер біріктірілген. Қазірге уақытта үлкен компьютерлік желілердің саны жүздеген мыңға дейін есептеліп отыр.
2 Жалпы желілер
Егер басқа мекемеден мәлімет алу жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алып, компьютерлер жалпы желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.
Модем ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді. Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді компьютер қорабы ішінде орналасады. Көптеген алып жүруге арналған блокнот-компьютерлерде де ішкі модем болады, олар қосымша қызмет ретінде факстер қабылдап, оларды жібере де алады. Қазіргі сыртқы модемдерде факстермен жұмыс істей береді.
3 Қалай хабарласу керек
Жалпы желіге қосылу үшін алдымен қажеттісін таңдап алып, сол желіге байланыстыруды жүргізетін фирмаға телефонмен хабарласу керек. Желіні таңдау тәсілі әртүрлі жолдармен жүргізіледі. Жалпы желі ақылы және тегін пайдаланатын топтарға бөлінеді.
Ақылы желә почтаны жылдам жеткізіп, жоғары деңгейде қызмет кқрсетеді. Ал тегін желі шектеулі мүмкіндіктермен қызмет жасайды. Осы екеуінен өзімізге керектісін таңдап алуға тиіспіз. Бірақ ақылы желілер құны онша жоғары болмайды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Е.Қ.Балапанов.“Информатикадан 30 сабақ.”
2. Энциклопедия Windows NT 95.
3. Журнал ”Компьютер пресс ” №4 2000.
4. Н.Ермеков,Ж.Қараев ”Информатика 7-класс.”