Мораль және этиканың түсінігі, олардың арақатынасы. «Заңгердің кәсіби этикасы» курсының пәні, әдісі және жүйесі
Мораль жалпы теориясы – мораль құрылының, оның қоғамдық дамуындағы адамдар өмір қызметіндегі ролінің жиынтығы туралы ғылыми білімдердің жүйесі. Жалпы теория мораль әлеуметтік мәнін, оны анықтау үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мораль дамуындағы нәтижелерге 60-шы жылдары көп жете бастағанын айта кету керек. Осы уақытта О.Г. Дробницкийдің алғаш рет күрделі мәселені:
Мораль - әр түрлі әлеуметтік қызметті атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс. Осыдан қоғам және тұлға туралы әр түрлі ғылымда - әлеуметтануда, этикада, педагогикада ізгіліктің әр түрлі анықтамалары беріледі. Мораль құрылымы негізгі үш элементтен немесе блоктан турады: ізеттілік қызметі, ізеттілік қатынастары, моральдік сана. Құрылым жүйе элементтерінің байланыс тәсілін құрайды. Мораль, осылайша, жүйе ретінде қарастырылады. Мораль негізі болып ізеттілік қызметі табылады. Кез келген адамның қызметі сияқты моральдік қызметтің құрылышы былайша бөлінеді: мақсат, қурал, нәтиже. кез келген қызметтің өзінің нақты мақсаты болады. (Адам бір денені жобалайды, жүзеге асыруды жоспарлайды). Кез келген пәндік қызметтің моральдік себебі болады. Кез келген пәндік қызметте мақсатқа жету үшін қабылданатын және қабылданбайтын қуралдар қолданылуы мүмкін.