Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Электрмагнит өрісінің теориясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Беттік эффекттер мен жақындық эффекттерін зерттеу


Жоспар

1 Беттік эффекттер мен жақындық эффекттерін зерттеу 3
1.1 Теориялық мәліметтер 3
1.2 Тапсырма 7
1.3 Жұмысты орындау бойынша нұсқаулар 7
Әдебиет 10

1 Беттік эффекттер мен жақындық эффекттерін зерттеу

1.1 Теориялық мәліметтер

Айнымалы тоқ өткізгіштер қиылысы бойынша бірқалыпсыз үлестіріледі, осында тоқ тығыздығының ең үлкен мәні өткізгіштің бетінде болады, өткізгіштің бетінен түбіне ауысу шамасы бойынша кемиді. Осы құбылысты беттік эффект деп атаймыз.
Шеткі өткізгіштікке ие денелердегі айнымалы магнит ағыны осы денелерде өткізгіш денелердің ішіндегі магнит ағынын азайтатын құйынды тоқтың туғызады. Бұл эффект құйынды тоқтың магнитсіздену әрекеті деп аталады, бірақ, негізінен бұл да беттік эффект құбылысына жатқызылады.
Беттік эффект құбылысын электромагнит өрісінің кеңістік өткізгіші айналасынан құралған сымның тереңіне бойлауымен түсіндіруге болады. Сым тоқ арқылы қыздыруға шығындалғвн энергияны сым денесіне оның беті арқылы қоршаған ортадан берілетін электромагнит энергиясының ішінде жұтылу құбылысы ретінде қарастырған жөн. Айнымалы электромагниттік энергия өткізгіш ортаның тереңіне бойлауына қатысты өшеді. Сондықтан, айнымалы электр тоғы мен айнымалы магнит ағыны кезіндегі тоқ тығыздығының амплитудасы мен электр және магнит өрісінің кернеулілігіндегі мән өткізгіш материалдардан жасалынған дене беттерінде ең көп дәрежеде болады. Беттік эффект құбылысы жоғары жиілік кезінде жылдам пайда болады.

1.2 Тапсырма

Тоқ тығыздығының істегі мәні мен бастапқы фазаларының өзгерісін келесі жағдайларда ленталы мыс өткізгішінің ені бойынша зерттеу:
а)қарама-қарсы бағытталған тоғы барекі лента бірінің үстінен бірі екі жазықтықта орналасқан;

1.3 Жұмысты орындау бойынша нұсқаулар

1.3.1 жинақтауыш панелінде өткізгіш контурының бірімен трансформаторды жинаңыз және онда тоқ тығыздығын бергіштің күшейткіш миниблогін орнатыңыз (1.3 сурет).
1.3.2 Электр тізбегін 1.4 суретінде бейнеленген принципиалды сұлбаға сәйкес жинаңыз.Сұлбада көрсетілген амперметр мен вольтметр – виртуалды аспаптар. Конденсатор контурдың индукциялы кедергісінің орнын алмастыру және ондағы тоқты ұлғайту қызметін атқарады.